Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерт залында болып, алдағы уақытта өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммитіне қатысушылар мен қонақтарға арналған мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Концертке БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отунбаева, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Бұрынғы Югославия Республикасы Македония Президенті Георге Иванов, Лихтенштейн Корольдігінің Премьер-Министрі Клаус Чючер, Қасиетті тақ Мемлекеттік хатшысы (Ватикан) Тарчизио Бертоне, ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысты.
Концертте Қазақстанның белгілі әртістері мен жетекші шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Олардың қатарында КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Бекболат Тілеухан, Майра Мұхамедқызы, Нұрлан Бекмұхамбетов, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі және т.б. бар.