01 Желтоқсан, 2010

ЕҚЫҰ ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ПЕТРОС ЭФТИМИУДІҢ (ГРЕКИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МҮШЕСІ) МӘЛІМДЕМЕСІ

444 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ыстамбұлдағы соңғы ЕҚЫҰ Саммитінен беріде өткен 11 жылдан кейін Қазақстанда болатын жетінші ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Бюросы бүгін Астанада жиналды. Ассамблеяның жоғары басшылығымен болған бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылғы төрағалығы Ұйымға жаңа серпінділік және сенім әкелгенін тағы да бір рет атап көрсеткім келер еді. Қазақстан төрағалық лауазымында Шығыс пен Батыс арасындағы көпір құрылысының адал брокері рөлін атқара отырып, ЕҚЫҰ-ға тиімді басшылықты қамтамасыз етті. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ның ұжымдық қауіпсіздігі үшін Орталық Азияның маңыздылығын атап көрсетудің бірегей мүмкіндігін береді. Біз Хельсинки Қорытынды актісі қабылдануының 35 жылдығын және жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясы қабылдануының 20 жылдығын атап өтіп отырған осынау атаулы жылы мүше елдер мен олардың азаматтары тап болып отырған бұрынғы және жаңа ауқымды сынақтар мен қатерлер ең жоғары деңгейде тікелей саяси қатысуды талап етеді. Нақ сондықтан да ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті дер уақытындағыға қарағанда әлдеқайда маңызды болып табылады. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Бюросының атынан мен ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларын тиімді Декларация қабылдау жолымен өз міндеттемелерін қайта қуаттауға және қатысушы мемлекеттер арасында сенімділікті арттыру және ЕҚЫҰ-ны оның тиімділігі мен парламенттік өлшемдерін нығайту есебінен одан әрі дамыту мақсатындағы болашақ іс-қимылдары үшін қуатты кепілдік беруге шақырамын. Осының арқасында Астана Саммиті Еуропа мен Еуразияда ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.