02 Желтоқсан, 2010

Тараптар мүдделестігі

466 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті жұмысына қатысып жатқан Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хұралы төрағасының орынбасары Гаваа Батхууды қабылдады. Кездесу барысында екі­жақты қатынастарды, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қазақстан мен Моңғолия ара­сындағы ынтымақтастықтың табысты сипатын атап өте келіп, төраға моңғол парламентшілерімен өзара іс-қимылды одан әрі белсенділендіру жайында әңгіме қозғады. «Біз парламентаралық бай­ланыс­тарды нығайта түсуге мүд­деліміз, Парламент Сенатында Моң­ғолия Ұлы Мемлекеттік Хұ­ралымен ынтымақтастық жөнін­дегі топ қызмет етеді, екі мемле­кеттің жоғары заң шығарушы орган­дарының аппараттары ара­сында пайдалы байланыстар қалып­тасты», – деді Қ.Тоқаев. Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хұралының Төрағасы Дамдин­гийн Дэмбэрэлге ізгі тілектестігін жеткізе отырып, Төраға әріп­тесін оған қолайлы мезгілде Қазақстанға келуге шақырды. Қазақстанның халықаралық бас­тамаларына қолдау білдіргені, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері мен Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің жұ­мы­сына белсенді қатысқаны үшін Сенат Төрағасы моңғол жағына риза­шылығын жеткізді. Гаваа Батхуу өз кезегінде Қ.То­қаевқа оның моңғолдық әріп­те­сінің ізгі тілектестігін жеткізе отырып, парламентаралық үн­қа­тысуды одан әрі дамытудың ма­ңыздылығын атап өтті. Моң­ғол де­путаты «Парламенттік ын­ты­мақ­тастық тобының жұ­мыс­тары бас­тамашыл және сын­дарлы бола түсуі керек», деді. Г.Батхуудың пікірінше, жо­ға­ры деңгейдегі қол жеткен уағ­далас­тықтар екіжақты қатынас­тарды дамытудың ауқымды мүмкін­діктеріне жол ашып отыр. «Сауда-экономикалық ынтымақтастықты өрістетуде, мәдени және онымен құрамдас білім беру салаларын дамытуда достас халықтардың зор әлеуеті бар», – деді моңғол депутаты.