Облыстық халық шығармашылығы үйінде дүниежүзілік балалар күніне арналған “Барлық әлем мен үшін” онкүндігі аясында өткізілген шаралар қорытындыланды. Онкүндікті өткізуге облыстық балалар құқығын қорғау департаменті ұйытқы болды. Осы шара шеңберінде қала мектеп-гимназиялары мен лицейлер оқушылары арасында “Мен өмір сүріп отырған әлемде” атты сурет, Тамды және Жайсаң мектеп-интернаттары, №13 Жайсаң кәсіптік лицейі арасында қолданбалы өнерден “Шеберқолдар” көрмелері өткізілді. Сондай-ақ, “Күштілер турнирі” спорттық жарысы ұйымдастырылды. Бұл онкүндік шараларды өткізуге “Забота-Қайырымдылық”, “Бесік” балалар қоры” қоғамдық қорлары және “НефтеГазДем” үкіметтік емес зейнетақы қоры Ақтөбе филиалы, “Мега Ақтөбе” ойын-сауық орталығы демеушілік қолдау көрсетті. Көрмелер мен спорттық жарыс жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар арнаулы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік шара облыстық халық шығармашылығы үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
Ақтөбе облысы.