04 Желтоқсан, 2010

Әлем БАҚ-тары Астана Саммиті туралы

614 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер саммит декларациясын қабылдап, жетістікке қол жеткізді, бірақ жаһандық қауіпсіздік қатерлері әлі де бар

/ПРАЙМ-ТАСС/. ЕҚЫҰ елдері Сам­­митте декларация қабылдады. Жетіс­тік­ке қол жеткізгеніне қарамастан, жаһан­дық қауіпсіздік қатерлері әлі де бар. Бұл жөнінде Астана Саммитінің қорытынды құжаты «Жалпыға ортақ қауіпсіздік» декларациясында айтылды. «Әскери-саяси, экономика, қорша­ған ортаны қорғау, адам құқы және сөз бостандығы ісінде қол жеткізілген ма­ңызды келісімдер мен қағидаттарды ор­ындау және сыйлау үшін оларды од­ан әрі алға жылжыту қажет» деп көр­се­тілген құжатта. 56 елдің әрқайсысы «Ванкуверден Владивостокқа дейін созылып жатқан еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістікте қауіпсіздік жөніндегі тең дәрежелік құқықты пайдаланады, олар басқа бір елдермен қауіпсіздік сала­сында одақ құру немесе бейтарап­ты­лықты сақтау құқына ие» делінген декларацияда. Онда ешбір ел өзінің жеке қауіпсіздігін басқа мемлекеттің қауіп­сіз­дігіне нұқсан келтіре отырып қор­ғау құқына ие емес екендігі атап көрсетілген. Саммит ЕҚЫҰ кеңістігінде қалып­тасқан кикілжіңдерді «БҰҰ Хартиясы мен Хельсинки Қорытынды актісінде қаланған халықаралық құқықтың қа­ғи­даттарын сақтай отырып, келіссөз­дер арқылы бейбіт жағдайда шешуге ша­қырады». «Жаңа кикілжіңдердің пай­да болуының алдын алу қажет» деп көрсетілген құжатта. Саммит Ұйымға төрағалықтың 2011 жылы Литваға өтуін құптады. ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі жылдың 6-7 желтоқ­санында Вильнюс қаласында өтетін оты­рысында Астана Саммиті шешім­де­рінің орындалуына баға берілетін болады.

Н.НАЗАРБАЕВ: «Еқыұ Саммитінің табысы Астана декларациясының қабылдануы болды»

/ПРАЙМ-ТАСС/. Еуропадағы қау­іп­сіздік және ынтымақтастық ұйымы Саммитінің үлкен табысы Астана дек­ларациясының қабылдануы болды. Бұл жайында Қазақстан Рес­публи­ка­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назар­баев Саммит қорытындысы жө­нінде өт­кен баспасөз мәслихатында мә­лім­деді. «Менің жеке бағалауым бой­ынша, жиынның маңызы – біздің Ас­тана Дек­ларациясын қабылдай алуы­мыз бол­ды», деп атап көрсетті Қа­зақстан мем­ле­кетінің басшысы. Президенттің айтуы бойынша, Сам­митке қатысушылардың халықаралық қатынастардың өткір де өте нәзік про­блемаларына қатысты мәселелерді де түбегейлі шешуге деген ынтасы күшті болды. Бірақ оларды шешу – «Қай кезде де болмасын өте күрделі мәселе. Бұл – ескі аурулар, олар бір жылдың ішінде жазылмайды», деп көрсетті Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ға Қа­зақстан төрағалығының маңызды жетістігі – шығыс пен батысты, сол­түс­тік пен оңтүстікті болашақта жақын­дас­тыруға мүмкіндік беретін Ұйымды дамытудың еуразиялық қырының қа­лануы болды» деп есептейді. Бұл жайында Қазақстанның Мем­лекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев декларация тал­қыланып болғаннан кейін былай деп атап көрсетті: «Біздің Ұйымның не­гізіне қаланған құндылықтар мен қағи­даттарды, міндеттемелерді қайта бекіткен бұл декларация жоғары дең­гейдегі осы кездесу қорытындысы бойынша ма­ңызды алға басқан қадам болды».

ЕҚЫҰ-ның басты проблемасы – ТМД өңірлеріндегі мәселелер болып шықты

/ПРАЙМ-ТАСС/. Астана қаласын­да 1-3 желтоқсан аралығында өткен Еу­ропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тастық ұйымының Саммиті пост­кеңестік кеңістіктегі жағдайдың шешіміне мүдделі екендігін көрсетіп берді. Осы елдер өкілдерінің сөйлеген сөз­дерінде ТМД-ның үлкен проблема­ла­ры көтерілді. Бұл жөнінде Достастық елдерінің басшылары да аз айтқан жоқ. Тәжікстан Президенті Эмомали Рах­мон Орталық Азиядағы жүктердің та­сымалына, тауарлар мен қызметтер ры­ногына қолжетімділік мәселесінде қа­лыптасып отырған жағдайға байла­ныс­ты өз алаңдаушылығын жеткізді. Бұл ескерту негізінен алғанда Өз­бек­станға қатысты болды. Оның үстіне тәжіктер, өзбектер және қырғыздар үш тараптан өз қатынастарын жиі ай­қындап отыратын су мәселесі де бар. Молдова өкілі ЕҚЫҰ-ға Приднес­тровьемен үнқатысуды қалыптасты­ру­ға көмектесу жөнінде өтініш жасады. Сонымен қатар, ол Кремльден ел аумағындағы өз әскерлерін тез алып кетулерін сұрады. Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель Молдова мәсе­ле­сіне қатысты көзқарасын білдіре келе, Приднестровьедегі жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздерді қайта бастау­ды қолдайтындығын білдірді. Оның айтуынша, АҚШ, Ресей, Украина, ЕО және ЕҚЫҰ арасында бір жақтан жә­не Молдова мен Приднестровье ара­сында екінші жақтан келіссөздерді жүргізу мәселесі ЕҚЫҰ күн тәртібіне енгізілуі қажет. Германия үкіметінің басшысы сон­дай-ақ Таулы Қарабақ кикілжіңіне қа­тысты мәселелерді реттеуді жақтай­тын­ды­ғын білдірді. Ресей мен Грузия арасында 2008 жылы орын алған жан­жалдың болашақта қайталануына жол бермеу қажеттігін де айтты. Осыған орай Михаил Саакашвили өзінің жауап сөзінде «Грузияның күш қолдануға бар­майтынын, тек жаңа шабуылдар ор­ын алған жағдайда ғана өзін қорғау құ­қығын пайдаланатындығын жеткізді». Басқосуда айтылған маңызды мә­лім­демелердің бірі Хиллари Клинтон­ның сөзі болды. Ол Орталық Азия жөніндегі Вашингтон ұстанымын білдіре келіп, АҚШ-тың осы өңірдегі Қазақстанның көшбасшылық рөлін мой­ындайтын­ды­ғын, бұл ұстаным, әсі­ресе, Қырғызстан­дағы оқиғадан кейінгі Бішкекте, одан Ташкентке барған сапар барысында одан әрі беки түс­кендігін мәлімдеді. АҚШ пен ЕО-ның Ресей ықпалы ғана емес, жауапкершілігіндегі өңірге де­ген ынтасының артуы түсінікті. Бі­рақ біз де бұл өңірлерді еш уақытта на­зарымыздан тысқары қалдыра ал­май­тындығымыз айқын. Ресей оның таяу көршілерінің бейбіт өмір сүруіне басқалардан да гөрі көбірек мүдделі.

ЕҚЫҰ Саммитіне қатысушылар Астана декларациясын қабылдады

«Би-би-си». «Еуропадағы қауіпсіз­дік және ынтымақтастық ұй­ымы Сам­ми­тіне қатысушылар Аста­на­да қоры­тынды декларацияны қа­был­­дады. Сам­­миттің бұл қорытынды құ­жа­тын қа­былдау оңайға түскен жоқ. Оны тал­қылау алдын-ала жоспар­лан­ған бір жа­рым сағатқа емес, он сағатқа таяу уақытқа созылды». Ресейдің қорытынды құжатқа Гру­зиядағы әскери жанжалды білдіретін сілтемені енгізуді қолдамайтындығы белгілі болды. Ал ресми Тбилисидің ЕҚЫҰ Саммитінің қорытынды құжа­тына 2008 жылдың тамызында Оң­түс­тік Осетияда орын алған кикілжің енгізіледі деп үміт күтетіндігі хабар­лан­ған болатын. Ресей делегациясы бұл ұсы­нысқа барынша қарсылық танытты. Сондай-ақ, Армения мен Әзірбай­жан арасында орын алған Таулы Қа­ра­бақ мәселесінің түйткілдері де үлкен әңгіме өзегіне айналды. Егер еске са­латын болсақ, Таулы Қарабақ 1991 жылы өзінің Әзірбайжаннан тәуелсіз екенін жариялаған болатын. Алайда, Әзірбайжан оны өз құрамында сақтап қалғысы келді. Таулы Қарабақты Ар­ме­ния қолдады. Осыған орай орын ал­ған жанжалдан екі жақ 30 мыңдай адамынан айырылды. Ақырында Әзірбайжан Таулы Қа­ра­бақ өңіріне бақылау жасау мүм­кін­дігін қолынан шығарып, Таулы Қара­бақ республикасы құрылды. Бірақ он­ың тәуелсіздігін әлі күнге дейін бірде-бір мемлекет таныған емес. Әзірлеген Сұңғат ӘЛІПБАЙ.