07 Желтоқсан, 2010

Астаналықтар Алябьеваны қарсы алды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше астаналықтар көркем гимнастикадан Жазғы Азия ой­ындарының екі дүркін чемпионы Анна Алябьеваны қарсы алды. Олардың қатарында Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқар­ма­сының өкілдері, Анна оқитын Жоғары спорт шеберлігі мектебі, №1 мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен оның ізбасар сіңлілері бол­ды. Жазғы Азиадада Анна Алябьева алдымен Мәдина Мұқанова, Марина Петракова (екеуі де – Павлодар облысы) және Мизана Исмаиловамен (ОҚО) бірге  команда құрамында, одан кейін жеке есепте 111,450 ұпай жинап, абсолютті чемпион атағына ие бол­ды. А.Алябьева өзінің спорттық өмірінде жоғары санаттағы кешенді жарыстарға алғаш рет қатысты. – Жоғары ұпайға ие болу, алтын жүлдені иелену кезіндегі сезімдерді сөзбен жеткізу қиын. Нәти­желерді естіген кезде сенер-сенбесімді білмедім, – дейді чемпион қыз. – Чемпион атанғанымды енді ғана сезгендей болып тұр­мын. Қазақстанда мені қашанда қол­дай­тын адамдарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Енді алда – әлем, Азия чемпионаттары мен Лондон Олимпиадасы бар. Соларға дай­ындаламын. Енді А.Алябьева Астанада отбасымен бірер күн демалған соң, Мәскеудегі жаттығуларына қайта кірісетін болады. «Егемен-ақпарат».