Андус АНСИП, Эстония Премьер-министрі:
– Алдымен Саммит ұйымдастырылуының өте жоғары деңгейде екеніне өзімнің қайран қалғандығымды жеткізейін. Барлығы керемет. Бүгін мен Эстония мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың өте жақсы деңгейде екеніне тоқталып, оның әлі де жалғасын тауып, өрістей беретініне жұмыс жасайтынымызды білдіремін. Біздің бұл бағыттағы қызығушылығымыз өте жоғары.
Ив ЛЕТЕРМ, Бельгия Премьер-министрінің міндетін атқарушы:
– Біз Қазақстанның төрағалық кезінде берген басымдықтарын толық қолдаймыз. Алдымызда Ұйымның мүмкіндігін пайдаланып, ынтымақтастық пен ықпалдастықты арттыру міндеті тұр. Бізді Астана Декларациясының бағыттары қуантады. Саммит ЕҚЫҰ тарихының бетбұрысты кезеңі болады деген ойдамын.
Қазақстанның Ұйымдағы төрағалығы енді санаулы күнде аяқталады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесулер барысында біздің республика Ұйымды тоқыраудан алып шығуды алға қойып отыр деген болатын. Ал шетелдік қонақтар Астана осы міндетін табысты атқарды деген баға берді.
Клаус ЧЮЧЕР, Лихтенштейн Князьдігінің Премьер-министрі:
– Қазақстан ЕҚЫҰ-да өте маңызды орынға ие. Осында Саммиттің өткізілуі – Қазақстан үшін үлкен табыс. Мен осы тарихи оқиғаның жақсы нәтижелер әкелетініне үміт артамын.
Бұлай ойлауыма Астана Декларациясының қабылдануы негіз болып табылады. Екіншіден, құжатта белгіленген басымдықтар Ұйымға мүше елдер тарапынан оң көзқарас танытылғандықтан, уақыт оздырмай реттелуге бет бұрады деп сенемін.