10 Желтоқсан, 2010

Университеттегі кездесу

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
9 желтоқсанда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентiнiң жанын­дағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия мүшелерiнің Қазақ гу­манитарлық заң университетінің студенттерiмен халықаралық Адам құқығы күнiне және Қазақ­стан Республикасының тәуелсіз­дігі­нің 19 жылдығына арналған кездесуi болып өттi. Кездесуге Президент жанын­дағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия мүшелерi, Парламент де­­путаттары, Бас прокура­тура­ның, Жоғарғы Соттың, Әдiлет, Сырт­қы iстер, Iшкi iстер ми­нистр­­­­лiк­терi­нiң, халықаралық ұйым­­­дар­дың, шет ел елшілік­тері­нің өкіл­дері, үкі­­меттік емес ұйым­дардың, бұ­қара­лық ақ­парат құралдарының өкiл­дерi, сондай-ақ Қазақ гумани­тар­лық заң университетiнiң оқы­ту­шылары мен студенттерi қатысты. Кездесуде Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жанын­да­ғы Адам құқықтары жөніндегі ко­миссияның төрағасы Сағынбек Тұр­сынов, Парламент Мәжілі­сі­нің жа­нын­дағы Қоғамдық кеңес төр­ағасы­ның орынбасары, ҚазГЗУ прези­денті Мақсұт Нәрік­баев, Қа­зақстан­дағы және Қыр­ғыз­­стан­дағы Ұлы­бри­тания елшісі Дэвид Мо­ран мыр­за, Фридрих Эберт қоры­ның Астана қаласын­дағы өкілі Зәуреш Шутова ханым құт­тықтау сөз сөйледі. Оқылған баяндамаларда адам құқықтарын қорғаудың халықара­лық және ұлттық тетiктерiн жал­пыға танылған халықаралық стан­дарттарға сәйкес жетілдіру, адам­ның конституциялық құқықтарын сотта және соттан тыс институттарда қорғаудың өзекті мәселе­лері талқыланды. Кездесуге қатысушылар Қа­зақ­стан Республикасында адам­ның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттiк тетiктерiн жетiлдiру туралы және құқықтық мемлекет құру туралы өзара пiкiр алмасты. Елбасының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қазақ гуманитарлық заң универ­ситетінің кітапханасына өзінің 100 кітабын сыйға тартты. «Егемен-ақпарат».