11 Желтоқсан, 2010

Шәкірттер талпынысы ересен

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының бастамасымен «Зият» ғылыми қоғамы құрылды. Аталған қоғамның ұйымдастыруымен «Мен-зерттеуші» кіші ғылыми жобада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дайындалған 8 ғылыми еңбек сарапқа салынды. Шәкірттер таңдаған тақырыптарын қорғауда интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, ізденіс нәтижелерін шешен тілмен жеткізе білді. Қазылар алқасы ұсынылған жобалар бойынша қазақ тілі білімі бойынша Еңлік Қуанышбай пен Айзат Болатова қорғаған «Есімшенің жұрнақтары» тақы­рыбын, әде­биет­тану бойынша Талап Әділжанов пен Мәдина Сәм­бе­талиеваның «Крылов мысалдарын ауда­рудағы А.Құнанбаев пен А.Байтұрсынов ерекшеліктері» жұмысын лайықты деп бағалаған. Ал, Шәкәрім шы­ғарма­ла­рындағы кірме сөздерді ғылыми түрде жіктеуге тырысқан Д.Битабарованың көңіл-күйге бай­ла­нысты фразеологизмдерді жіктеген Әйгерім Омар­байдың, Абай шығармалары арқылы бүгінгі қоғамның мораль­дық ұстанымын жасаған Е.Дүсіпова мен С.Сағын­дықовтың еңбектері  қалалық «Дарын» ғылыми жары­сына жолдама алды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.