11 Желтоқсан, 2010

Қалам қуаты

494 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» журналистері жеңімпаз атанды Жыл аяқталуға жақындағанда талай тірлік түгенделіп, бастамалар қо­ры­тындылана бастады. Жұ­ма күні Ал­матыда Қысқы Азия ой­ын­­дарына орай қазақстандық жур­на­листер ара­сындағы өткізіл­ген рес­публи­ка­лық байқау мәреге же­тіп, әріп­тес­теріміз сал­танатты түр­де марапатталды. Журналистер арасында жүргі­зіл­­ген бұл қалам қабілеті дода­сы­ның екі бірдей көздеген мақсаты болды. Біріншісі,   Азиада ойын­да­­рын Қазақстанға артылған үл­кен се­нім мен мүмкіндікті жан-жақ­ты на­сихаттау болса, екіншіден, осы тақырыпты тынбай қоз­ғап жүрген БАҚ өкілдерін қолдау  еді. Сонымен байқау жарияланған мау­сым айынан бері қазылар ал­қа­сы­ның қолына 31 автордан  162 ма­­­териал келіп түскен. Оның ішін­де 132 баспа материалы, 18 ин­тер­нет-мақала, 6 радио материал мен 6 телевизиялық сюжет бар. Спорт тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистер 4 ата­лым бо­йынша бақ сынады. Қа­зы­лар ал­қа­сының құрамында «2011 жылғы 7-ші  Қысқы Азия ойын­да­рын ұй­ым­­дастыру комитетінің атқарушы ди­рекциясы» АҚ пре­зи­денті Ана­төлі Құлназаров, Қа­зақ­стан Жур­на­­листика акаде­мия­сының президенті Сағымбай Қозыбаев, қазақ ті­ліндегі тұңғыш спорт радио­ком­мен­таторы Сұл­тан­­ғали Қара­тай­ұлы сынды жандар болды. «2011 жылғы 7-ші  Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру ко­ми­­тетінің атқарушы дирек­ция­сы» АҚ мен «Қазақстан Баспасөз клу­бы»  АО ҚБ  ұйымдастырған бай­қау­дың «Баспа БАҚ бетінде ең үз­дік материал» номинациясы бо­й­ын­­­ша қа­зы­лар алқасы бірінші ор­ын­­д­ы екі бірдей авторға беру ту­ра­лы шешімге келген. Сонымен бай­қау­дың бас жүлдесін «Егемен Қа­зақ­стан» газетінен Дастан Кен­жа­лин мен «Казах­станская правда» га­зетінен Юрий Лифинцев өза­ра бө­лісті. Қазылар алқасы ав­тор­лар­дың ма­қала жазудағы кешенді ұс­та­нымы мен салыс­тыр­ма­лы тал­дау­ды қол­дануына жо­ғары баға бер­ді. Ал бұлардан кейін­гі орынды «Вечер­ний Ал­ма­ты» газетінің журналисі Әлім Ана­пия­нов иемденді. «Ең үздік ТВ материал» ата­лы­мы бойынша  бірінші орынды құ­ра­­мына Сәуле Мықтыбаева, Ди­на Ыс­қақова, Аяна Құшбаева, Ринат Қо­­қымбаев енген «Қазақ­стан» ұлт­­­тық телеарнасының шы­­ғар­ма­шы­­лық то­бы алды. Екін­ші орынға «Хабар» теле­арна­сы­ның тілшісі Гүл­вира Би­ғалиева лайық деп та­был­са, үшінші орын «31 телеарна» журналисі Ләз­зат Сағын­ды­қо­ва­ға берілді. «Ең үздік радиоматериал» но­ми­­нациясы бойынша 1-ші орынды «Қа­­­зақ ра­диосының» тілшісі Сал­­танат Сма­йы­лова «Бап пен бақ» жұ­­мысы ар­қылы иемдені. Ал ин­тер­нет БАҚ өкіл­дері ара­сынан бір ғана өтінім келіп түскендіктен бұл ата­лым бо­йын­ша бәсеке бол­ма­ға­нын айта кеткен жөн.  Сондықтан ол жүлде қорын бай­қау ұйым­дас­ты­ру­шы­ла­рына қай­та­ру ұй­ғарылды. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы. Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.