11 Желтоқсан, 2010

Мемлекеттік хаттамалар және ежелгі әрі озық үрдістер

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Болашақ» халықаралық сти­пен­­дия­сы стипендиаттар қауым­дас­тығы­ның төрағасы, Президент Әкімшілігі басшысының орын­ба­сары Бауыржан Байбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің  студенттерімен кездесті. Жо­ғары оқу орнының бас­шылығы, халықаралық қатынас жә­не халық­аралық саясат факуль­тетінің студенттері Бауыржан Қыдырғали­ұлы­ның «Қазақстан Республи­касының мем­ле­кеттік протоколы» атты дәрісін ынтамен тыңдады. Бауыржан Байбек «Болашақ» бағ­дарламасы мыңдаған жастар­дың аңса­ған арманының жүзеге асуына игі ықпал еткенін атап өтті. – Қазақстан – жас мемлекет, оның ғасырлар бойы қалып­тасқан  ежелгі әдет-ғұрпы, тарихи салт-дәстүрлері бар. Жас мемлекеттің нығайып, одан әрі дамуына оның бай тарихы ықпал еткендігі сөзсіз. Сондай-ақ, халық­ара­лық кездесулер сипатының мазмұны терең және жоғары деңгейде өтуіне ұзақ жылдар бойы жинақталған тә­жі­рибенің үлесі мол десек қателеспейміз. Біздің елімізде мемлекеттік протокол­дың, яғни хаттаманың одан әрі да­муына жаһан­да­нудың да әсері аз емес. Ал, енді ел аста­насының елордаға, яғни Астана қала­сына қоныс аударуы – еуразиялық мен­талитеттің даму үрді­сіне сай келетіндігі даусыз, – деді Бауыржан Қы­дыр­ғали­ұлы өз ойын ортаға салып. Сондай-ақ, Елордада жақында ғана өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ын­ты­мақтастық ұйымының Саммиті – біздің мемлекетіміздің үлкен саяса­ты­ның игі нә­тижесі екендігіне тоқталған лектор Ас­та­наның маңызды шешімдер қабыл­дай­тын орынға айналғандығын да атап айтты. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.