14 Желтоқсан, 2010

Астана Саммиті – ел мақтанышы

630 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Президент поштасынан Мемлекет басшысының атына Қазақстанның азаматтарынан және қоғамдық ұйымдарының жетекшілерінен ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін табысты өткізуге байланысты құттықтау хаттар келіп түсуін жалғастыруда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Семей мәшине жасау зауы­ты» АҚ-тың еңбек ұжымы Мемлекет басшысын ЕҚЫҰ-ның Астана Сам­митін табысты ұйым­дас­ты­румен және өткізумен құт­тық­тай келіп, Саммиттің өткізілуі Қа­зақ­стан үшін жоғары құрмет қана емес, сонымен бірге зор жауапкершілік болғанын, республи­ка­ның Ұйымға төрағалығына берілген жо­ғары бағаның заңды нә­тижесі және шын мәнінде тарихи оқиға екендігін атап көрсеткен. «Сізге, Нұрсұл­тан Әбішұлы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға жетекшілік еткен елдің басшысы ретінде Ұйымға да­мудың жаңа серпінін беру, оның алдына жаңа мақ­саттар мен міндеттер қою мүмкін болды. Біздің еліміз өңірлік көш­бас­шы ғана емес, сонымен бірге жа­һан­дық деңгейде ұжымдық қау­іп­­сіз­дік жүйесін нығайтуға ұмтыл­ған мемлекет ретіндегі өз мәрте­бе­сін тағы да қуаттады. Біз өз елі­міздің Тұңғыш Президенті – Ұлт көш­басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың аса көрнекті басшы­лы­ғымен қол жеткізілген, бұрын-соңды болмаған халықаралық осындай табысты орынды түрде мақтан етеміз», – делінген хатта. Қазақстан халқы Ақмола Ас­сам­блеясының өкілдері өз хат­та­рын­да Мемлекет басшысын ЕҚЫҰ-ның VII Саммитін Астанада табыс­ты өт­кі­зуімен шын жүректен құт­тықтаған. «Біз бәріміз зор толғаныспен және мақтанышпен ЕҚЫҰ-ның осы мыңжылдықтағы алғашқы Саммитіндегі оқиғалардың даму барысын қадағалап отырдық. Бұл Саммит Қазақстанның Ұйымға төрағалығының шын мәніндегі салтанатты аяқталуы болды. Осы­нау ықпалды халықаралық ұйымға табысты басшылық және Саммиттің жемісті нәтижелері Қа­зақстанның тәуелсіздік жыл­да­рын­дағы өз дамуында қол жеткізген таңғажайып табыстарының мойындалуы, Сіздің жеке өзі­ңіз­дің өңірлік және жаһандық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіңізге берілген жоғары баға болды. Жетекші мемлекеттердің басшылары Сіздің континенттегі бейбітшілік пен тұрақтылық үн­қа­тысуын қалыптастыру ісіндегі нәтижелі күш-жігеріңіз бен саяси ерік-жігеріңізді атап жатқанын есту біз үшін ғанибет болды. Астанада өткен жоғары деңгейдегі кездесу халықаралық аренадағы  біздің еліміздің беделін бұрын­ғыдан да нығайтып, жаһандық ауқымдағы көшбасшы ретіндегі Сіздің рөліңізді атап көрсетті», – делінген хатта. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ ұжымы да Президентті Астанада ЕҚЫҰ Саммитін табысты өткізуімен құттықтайды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық жылы республиканың созыл­ма­лы қақтығыстарды шешуге белсене қатысуымен, елдер арасын­дағы сындарлы үнқатысуды құ­ру­дың жаңа тұрпатын ұсынуымен есте қалды. Бүкіл әлемнің сарап­шы­лары нақ осы Қазақстанның төрағалығы арқасында Ұйым жұ­мысы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтуде. «Бұл Саммит халықаралық қа­тынастарды дамытуда жаңа есеп нүктесі болды, өйткені он бір жыл бойы мемлекет басшылары бірге жиналмапты және ЕҚЫҰ-ны да­мыту перспективасын талқы­ла­мап­ты. Нақ осы Қазақстанның төр­ағалығы кезеңінде жаңа өзекті бастамалар мен стратегиялық ұсы­ныстар туралы айтыла бастады. Қазақстан Ұйымның лайықты төр­ағасы болып, халықаралық үн­қа­ты­су үшін жаңа алаң ұсынып қана қой­ған жоқ, сонымен бірге әлемдік лидерлерден қолдау тапқан жаңа ұсы­ныстар енгізді», – делінген хатта. «Назарбаев Зияткерлік мектебі Астана» мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роман Шелягтің хатында соңғы 11 жыл­да алғаш рет өткізілген ЕҚЫҰ Сам­миті біздің еліміз Прези­денті­нің және барша қазақстандық­тар­дың өз күштері мен мүмкін­діктеріне деген сенімділігін тағы да көрсетіп бергені атап өтілген. «Әлемдік қоғамдастықтың саяси және экономикалық өмірінде қандай өзгерістер жүріп жатса да Қазақстан бүкіл жаһандақ бастамаларда көшбасшылық ұста­ным­да болуын жалғастырып келеді. Жас елорда Астана әлемнің 50-ден астам елінің меймандары ал­дынан есігін қонақжайлылық­пен айқара ашып, өз есімін ең жаңа тарихта қалдырғанын шынайы мақтаныш етеміз», – деп жазады мұғалім.