15 Желтоқсан, 2010

Азиадаға 46 күн қалды

344 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Азиада айшықтары

Алматыда Азия ойындарына дайындық қызу жүріп  жатыр. Қала әкімдігі елімізде алғаш рет жалауын көтеретін жарысты лайықты өткізу үшін кәсіпкерлер қауымдастығын демеуші болуға шақыруда. Жақында қала әкімдігінің бас­тамасымен өткен «Азиада-2011» кон­­ференциясында Алматы әкі­мі­нің орынбасары Серік Сейдуманов мем­лекет пен жеке кә­сіп­керліктің әріп­тестігі аясында Азиа­даны жо­ға­ры дең­гейде ұйым­дастырып, өт­кізу үшін отан­сүйгіш, өздерін елі­міздің пат­­риоттары санайтын кә­сіп­керлерді демеуші болуға шақыр­ды. «Қазір бюджеттен Ойындарға 33,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қомақты қаржының Азиаданы өт­кізуге жеткенімен, көлік қызметі, кәдесыйлар өнімдерін жасауға қо­сымша қаражат болатын болса ар­тық етпейді. Осы жағына кәсіпкер­лер көз қырларын салса, одан олар тек халықтың алғысын алар еді», – дейді ол. Бүгінде Алматыда Ойындарға дайындық аясында қаланың негізгі 14 көшесі (36 км. автожол) жөн­деуден өтті. Қонақтарды  96 автобуспен спорт нысандарына апару үшін жеті бағытта схема жасалды. Бұдан басқа 70 үлкен, 63 микроавтобус пен спортшы­лардың керек-жарақтарын жеткізу үшін тағы 18 көлік қарас­тыры­лады. Сонымен бірге кәсіпкерлер арасында демеушілер табылып жатса, vip дәре­же­сін­де­гі екі же­ңіл көлік, 44 өкілетті дең­гейдегі және  эконом-класс дең­гейін­дегі  361 көлік сатылып алынады. Астанада Халықаралық еріктілер күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан! Көптің тілегі – күш!» атты концерт-фестиваль өтті. Қазақстандық спортшылар мен эстрада және басқа да өнер са­ласы өкілдерінің қатысуымен өткен шара еріктілерге қызмет көрсету, отан­дық спорт пен эстрада өнерін бағалау, сол арқылы әрбір аза­мат­тың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында ұйым­дастырылды. Алматыда Азия ойындары жақындаған сайын қаланың жедел жәрдем көрсету орталықтары, ауруханалар мен емханалар қызметкерлерін ағылшын тіліне үйрету күшейтілуде. Бұл үшін елімізде әлі тіл үй­ретуде болмаған жаңа бағдарлама жасалыпты. Дәрігерлерге арнал­ған осы құжат екі кезеңнен тұ­рады екен. Оның біріншісі, 2009 жылдың желтоқсаны мен 2010 жылдың наурызы аралығында өт­ті. Осы ара­лықта қа­ла ауру­хана­ла­ры­ның 80 дәрі­гері тіл үйреніп шық­ты. Екінші кезең қа­раша айында бас­талып, ол Азиа­да­ның ашылуына дейін жалғасады. Бұл кезеңде де 80 маман ағылшын тілін үйренеді деп күтілуде. Азия ойындары кезінде қоғамдық тәртіпті қамтама­сыз­ етуге 9 000-нан астам полиця қызмет­кер­лері жұмыл­дыры­лады. Ішкі істер министрі Серік Бай­мағам­бетов­тың айтуынша, қо­сым­­ша полиция күштері басқа өңір­лерден де тартылатын бола­ды. «Қо­ғамдық тәртіпті қам­та­масыз ету үшін арнайы рес­пуб­ликалық штаб құ­рыл­ды. Ас­та­на мен Ал­ма­ты­­да жедел штаб­тар құ­ры­лып отыр. Ал­ма­ты­ның өзінде 700 бейне ба­қылау ка­­ме­расы ор­на­тылды. Оған қоса 143 полиция бекеті жұмыс істейтін бола­ды», – дейді ол. Алматыда «Asia Tea» ЖШС Рахмет» маркасының шай сусы­ны Азия ойындарының ресми әріптесі болатынын хабарлады. Компания өкілдері Ойындарға келетін қонақтарға Қазақстанның мәдени ерекшелігін көрсететін ша­ралардың қатарында  жайы­ла­тын дас­­тарқандарда шай су­сы­нының бо­луы керектігін ескеріп, осындай шешімге келгендерін айтуда. Суретте: Азиадаға арналған киімдер. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.