Жеделхат
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті
Сауытбек Абдрахмановқа
Егемен еліміздің тыныс-тіршілігін бұқара халыққа жеткізіп қана қоймай, Отанымыздың өркендеуіне үлкен үлес қосып келе жатқан басылымдардың төресі – «Егемен Қазақстан» газеті. Сіз басқарып отырған басылымның деңгейі жылдан жылға жоғарылап, халықты рухани азықтандырып келеді. Елбасымыздың сындарлы саясатын насихаттауда, ұлттар мен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда, ұлттық құндылықтарымыз бен рухымызды асқақтатуда сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз орасан зор. Қарағанды облысындағы ұлы дана Абайдың есімімен аталатын аудан өткен жылы сіздердің газеттеріңізге жазылу барысында берілген межеден асып түскен болатын. Нақтырақ айтар болсақ жазылуға тиісті 362 данаға емес, 499 данаға жазылдық, яғни жазылу көрсеткіші 138 %-ды құраған-ды. Биыл да абайлықтар басылымға жазылу науқанына белсенді атсалысты деуге болады, себебі, жоспардағы 410 данадан артық, 543 данаға жазылдық, яғни жазылу көрсеткіші 132 %-ды құрап отыр. Әлі де баспасөзге жазылу науқаны қызу жүріп жатыр. Ал Абай ауданы халқы атынан «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілейміз және барша қазақстандықтарды республика өмірінің айнасы – «Егемен Қазақстан» газетіне жазылуға үндейміз. Ақпарат айдынында еркін жүріп, көздеген мақсаттарыңызға жете беріңіздер! Еркебұлан НАШАРОВ, Абай ауданының әкімі. Қарағанды облысы. *** Сізді және сіздің ұжымыңызды алдымызда келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз және қаламдарыңыздың ұшы қайратты болсын дейміз. *** Сіздің басшылығыңыздағы «Егемен Қазақстан» газеті еліміз бен шет елдердегі оқиғаларды оқырманына дер кезінде жеткізетіндігімен ерекшеленеді. Ал біздің аудан халқы бүгінгі күнге дейін «Егеменнің» 1037 данасына жазылып отыр. *** Жылдан жылға «Егемен Қазақстан» газетіне жазылудың көлемі артып келеді. Бұған сіздердің газеттеріңізде жарияланатын мақалалардың аудан жұртшылығының көңілінен шығуы себеп болып отыр. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ,Жуалы ауданының әкімі. Жамбыл облысы. *** Өткен жылы біздің Үлкен Владимиров орта мектебінің мұғалімдер ұжымы тұтасымен, нақтылап айтсақ 70-тен астам ұстаз ел газеті «Егеменге» жазылған едік. Биылғы жылы мектебіміз мемлекеттік тілдегі таза қазақ білім ордасына айналып отыр. Сол себептен де Елбасымыз «Отанымыздың бас газеті» деп өзінің лайықты бағасын берген басылымға тағы да ұжым болып тұтасымен жазылдық. Руфия ҚИСАМИЕВА, Үлкен Владимиров орта мектебінің директоры. Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы.