16 Желтоқсан, 2010

Отыз пәтердің кілті табыс етілді

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шемонайхада 30 пәтерлік тұрғын үйдің кілті ардагерлер мен бюджет саласында қызмет ететіндерге берілді. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер иелерін құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Аудан әкімі Айбек Кәрімовтің ай­туынша, келер жылы осы тұрғын үйдің екінші блогы да салынып, кезекте тұрғандар тілегін қанағаттандыру көз­делуде көрінеді. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы.