Құрметті Сауытбек Абдрахманұлы!
Ұлылар салған сүрлеумен бүгінде шыға бастағанына 91 жыл болған, өзіңіз басқарып отырған Отанымыздың бас басылымы «Егемен Қазақстанның» шығармашылық ұжымын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз өзгесін айтпағанда, «Егеменді» тәуелсіздік шежіресі мен талаптарын, мемлекетіміздің қаз басып, қалыптасу кезеңі мен өсіп-өрлеу жолдарын объективті түрде жан-жақты, түбегейлі жазып келе жатқан парасатты басылым ретінде де құрмет тұтамыз. Тәуелсіздік – қасиетті де қастерлі, биік те бедерлі ұғым. Оның қадыр-қасиеті мен қоғамдық өмірде қандайда бір болмасын құндылықпен салыстыруға еш келмейтін артықшылығын, керек кезінде оны көздің қарашығындай қорғау қажеттігін жеріне жеткізе жазып келе жатқан «Егемен Қазақстан» бізге сонысымен де қымбат. Алдағы жылы елімізде тәуелсіздіктің жиырма жылдығы кеңінен аталып өтілмек. Тәуелсіздіктің бір тірегі – мемлекеттік тіл десек, оның ту ұстаушысы да «Егемен» бастаған ұлттық тілімізде шығатын басылымдар болмақ. Бұл орайда да аға газетіміздің орны қашан да бөлек деп білеміз. Бүгінде өндірістік-инновациялық өңірге айналып отырған Ақжайық атырабының жұртшылығы Тәуелсіздік күні қарсаңында осы тәуелсіздіктің тұңғыш жаршысы бола білген «Егемен Қазақстанның» 11 500 данасына жазылғанын сізге үлкен қуанышпен хабарлаймын. Облыста тұратын қазақ отбасыларының санына шаққанда бұл республикадағы өте жоғары көрсеткіш екенін де назарыңызға сала кеткенді жөн санаймын. Біз мұны батысқазақстандық оқырмандардың «Егемен Қазақстанға» деген сый-құрметі деп есептейміз. Облыста бас басылымға жазылу одан әрі жалғасуда. Құрметпен, Б.ІЗМҰХАМБЕТОВ, Батыс Қазақстан облысының әкімі.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32