16 Желтоқсан, 2010

Президент және ХХІ ғасыр

2538 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлемдік қо­ғам­дастықты түбегейлі жа­ңарту стратегиясы және өр­ке­ниет­тер серіктестігі» атты кітабы жа­рыққа шыққалы да бір жыл өтті. Осы уақытта ол ағылшын және қытай тілдеріне ау­дарылып ба­сып шығарылды. Алматыда, Мәскеуде, Нью-Йорк­те, Шанхайда және Минскіде кітаптың тұсаукесер рә­сімдері болды. Мемлекет басшысы еңбегінің  ке­ңі­нен тарауы онда көтерілген мәселе­лердің өзектілігін, автордың болашаққа ұмтылысы мен  көрегенділігін көрсетеді. Мен кітаптың бірнеше тұсаукесеріне қатысып, онда баяндалған идеялардың өткен жылы қандай дамуға ие болғаны туралы пікірімді айттым. Онда әлемдік қоғамдастық жақын болашақта шешуі тиіс нақты мәселелерге ерекше назар аударылды. Жаңа ғасыр басындағы күрделіліктер Қазіргі мыңжылдықтың ба­сы қар­жы-экономикалық дағ­дарысы жә­не табиғаттың адам­дардың аяу­сыз қа­ты­на­сы­на барабар жауабы­нан туын­­дайтын ғаламдық күйзе­ліс­­тер­мен есте қалады. Бұл бізден адам­заттың болашағы туралы те­реңірек ой­лануды, бірлесіп қиын­дықтан шы­ғудың жолдарын ғана емес, сон­дай-ақ жалпыға ортақ да­мудың перспективаларын іздеуді талап етеді. Бұған тек мем­лекеттердің диа­логы және өр­ке­ниеттер серіктестігі негізінде ға­на қол жеткізуге бо­ла­тыны сөзсіз. Мұндай шешімнің ба­ла­масы жоқ. Керісінше болған жағ­дайда «өр­ке­ниеттер шие­ленісінің» болуы әб­ден мүм­кін. Сол себепті пла­нетарлық ауқымда ең бастысы –қарама-қайшылықтар сілкінісіне жол бермеу. Әлем бір полярлы бола алмайды, бұл оны жар жиегіне тірейді, жаппай қару-жарақ шы­ғаруға, ядролық қарудың та­рауы­на әкеп соғады, ал эко­логия мәсе­ле­лері, климаттың өзгеруі осы­лар­дың тасасында негізсіз ұмы­ты­лады. Ру­хани­лық пен адамгершілік, мәде­ниет және тұлғаның ақыл-ой дамуы да көлеңкеде қалады. Достық, сенім және махаббат идеалдары жоғалады. Уақытында тоқтау және терең шыңырауға құлауға жол бермеу әлемдік қо­ғам­дас­тық­тың басты міндеті. Шын мә­нінде жер беті өр­ке­ниеті ал­дында болу не болмау ту­ралы гамлеттік сұрақ тұр. Бұл сұ­­раққа жауап ретінде мәсе­ле­лерді шешудің нақ­ты жол­да­ры ұсыны­лады, олар­­ды біз Нұр­сұлтан На­зар­баевтың мо­но­графиясынан таба аламыз. Бастапқыда Мемлекет бас­шы­сының кітабы қазақ және орыс тіл­дерінде 2009 жы­лы ба­сып шы­ғарылды. Оның ал­ғашқы тұсау­кесер рә­сімі Ал­матыда өткен ІІІ «Өр­ке­ниет­тер болашағы жә­не өр­кениет­ті серіктес­тік­тің страте­гия­сы» форумында, одан соң Мәс­кеу­дегі БҰҰ ақ­параттық орта­лы­ғында өтті. Сол жылы кітап ағылшын тіліне аударылып басып шыға­рылды және Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пә­терінде ұсы­нылды. Бұдан соң ЭКСПО-2010 аясында Шанхайда кітаптың қытай тіліндегі үл­гісінің тұсаукесері өтті. Ал жа­қын­да Беларусь Рес­пуб­ликасының аза­мат­тары да Қа­зақстан Прези­денті­нің кіта­бы­мен танысу мүм­кін­дігі­не ие болды. Зерттеу, форумдар мен тұ­сауке­серлерді ұйымдастыру ісіне Ресей Ғылым ака­де­мия­сы, П.Сорокин-Н.Кондратьев халықаралық инсти­ту­ты, Қа­зақстанның жараты­лыс ғы­лым­дары ұлттық ака­демиясы, «Парасат» ұлттық ғылыми-технол­огия­лық холдингі, оның құрамында Жер туралы ғы­лым орталығы, металлургия жә­не кен байыту инс­титуты, «Фитохимия» ҒӨБ, Физи­ка-техникалық инс­ти­туты, Ғы­лым қоры және басқа ұйым­дар мен мекемелер қомақты үлес қосты. ЭКСПО-2010 – адамзат та­ри­хындағы ең ірі дүние­жүзілік көр­ме аясында өткен кітап тұсау­ке­серінің маңызы айтарлықтай. Қар­­қынды да­мып келе жатқан азия­лық елдер, ең алдымен Қы­тай, бү­гінде өсу динамикасы және сыртқы экономи­калық қыз­ме­ті бо­йынша басқа мемлекеттер үшін өзіндік бағдар бо­лып отыр. Әлем­дік қоғам­дас­тық оған ерекше ден қоюда. Осы орайда біз үшін қуа­ныш­ты бір жағдай: қазақ­стандық павильонға келушілер легі толас­та­ған жоқ және олардың бәрі біз­дің еліміздің жаңа келбетіне таң-қалысты. Біздің Елбасымыздың мо­но­гра­­фия­сынан ғаламдық әлем­­­нің көкей­кес­ті мәселе­ле­рін шешу­дің үш стра­те­гиясын табамыз: өрке­ниет­тер мен мем­­­лекеттер се­рік­тес­тігі, әлем­дік қар­жы жү­йесін тү­бе­гейлі өзгертудің қа­­жет­тілігі, энергоэкологиялық қауіп-қатерді жеңу. Бұл стратегиялар үшін ор­тақ нәрсе Н.Назарбаевтың пікірінше, олардың шешімін бел­гісіз бола­шақ­та емес, бү­гін іздеу қажет­ті­лігі болып та­бы­лады. 2010 жылы ІІІ эко­но­ми­ка­лық форумда Астанада Мемлекет басшысы қазіргі заман­ның өзекті мәсе­лелерін тағы да атап өтті: «Жаһандық эко­номи­калық жү­йе әлі де болса әлсіз. Әлем дағдарыстан кейінгі даму үшін жаңа үлгі-мо­дельді іздеу үстінде. Сондық­тан дәл қазір ортақ ойын ережелерін тұжырым­дап, жаһан­дық дең­гей­дегі эконо­микалық өркен­деу­дің негізгі қағи­дат­та­рын түзу маңызды». Нұрсұлтан Назарбаев бо­ла­­шақ­­тағы әлеуметтік-саяси жә­не эко­номикалық даму үр­діс­­терін кө­ре білу талан­ты­ның ар­қасында өзінің еңбе­гінде әлем­­дік қоғам­дас­тық­тың қазіргі жә­не келешектегі да­муының негізгі ережелерін белгіледі. Өркениеттер мен мемлекеттер серіктестігі Ең алдымен біздің Пре­зи­дент­тің қолдауымен және қа­тысуымен жоғарыда атал­ған ғы­лыми ұйым­дардың 2050 жыл­ға дейінгі мерзімге (он бө­лімде) «Өркениеттер бо­лаша­ғы» ғаламдық болжа­мы жа­сал­ғанын атап өткен жөн. Адамзатқа серіктестік негізінде келешекте көп жұмыс ат­қару керек. Маңызды ба­сым­­дықтардың қата­рын­да, мы­­­са­лы, Беринг бұға­зы ар­қылы тоннелімен құрлық­ара­лық Еуразия-Америка магист­ра­лі құры­лысының, Қазақ­станға әлем­­дік мұхитқа шы­ғу­ды қамтама­сыз ететін «Еуразия» каналы құ­ры­лысы­ның, Сібір өзен­де­рін құр­лық­­тың оңтүстігіне бұ­ру жоба­ла­ры. Сонымен қатар, тех­нология­лық иннова­циялар­дың Дүние­жү­зі­лік банкі мен ғаламдық иннова­ция­лық интернет-университет құ­ру, ға­рыш кеңістігін игерудегі, га­лак­тиканы зерттеу және жерден тысқары өркениеттерді із­дес­тіру­дегі серіктестік. Әлем­дік қоғам­дас­тық Антарктида мен Аркти­каға ерек­ше қызы­ғу­шылық таны­туда. Соңғы­сын­да, маман­дар­дың баға­лауын­ша 90 млрд. баррель мұ­най мен 1,5 квадриллион текше метр табиғи газ қоры бар. Өз кітабында Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасыр үшін мем­лекеттердің әрекет­тесуі­нің, қарсы тұрушылық пен шиеленістерден диалог пен серіктестікке көшудің ерекше маңызын атап өтеді. Президент әлемдік қоғамдас­тық­тың қазірде бар институт­та­ры мен механизмдеріне талдау жасаған. Ға­лам­дық үде­ріс­терді басқару функ­ция­ла­рын мына беделді халық­ара­лық ұйымдар: БҰҰ, «үлкен жиыр­малық», «сегіздік», ЕО, ЕурАзЭҚ, ТМД, ШЫҰ және басқалары ат­қара алады. Өркениеттер серіктестігін да­мыту жөніндегі ЕҚЫҰ-ның басқа маңызды қадамы, ав­тордың пікірінше, Еуразия­н­ың одан әрі кең ауқымды ин­теграциясы, жекелеген қа­ғи­даттар мен бағыттарды ай­қын­дайтын ортақ құжатты әзір­леу бо­луы тиіс. Олардың қа­тарында сау­даны дамыту мен Ресей және Беларусьпен Кеден ода­ғының шең­бе­рін­де іске асырылып жатқан шекара ашықтығы, одан кейін Бір­ыңғай экономикалық одақ­ты құру, сон­дай-ақ көлік жә­не коммуни­кация­лық инфра­құ­ры­лымның интегра­ция­сы. ХХІ ға­сырдың Жібек жолы бо­лып сана­латын жаңа бас­талған Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолының құ­рылысы соның айқын бір дәлелі бола алады. Басқа маңызды аспекті­лер­дің қа­тарында өзара инвестициялар мен техноло­гия­лық алмасуды ын­та­ландыру, ортақ капитал рыно­гы, еуро­палық және азиялық қар­жы рынок­тарын интеграциялау, қар­жы реттеуін жетілдіру, бірінші кезекте ұлттық валютаны енгізуді атауға болады. Келесі маңызды мәселе – таза энергияның тұрақты жә­не жаңа көздері. Бұл тұр­ғы­дан алғанда құр­лықтық энер­гия теңгеріміне ерек­ше назар аударған жөн. Балама қайта қалпына келтірілетін энерге­ти­каны дамыту және оның тиім­ділігін бүкіл планета ау­ма­ғында алға бастыру жаңа идеология болуы тиіс. Адам ресурстарын алмас­тыру және дамытудың, жасампаз ғылым мен сапалы бі­лім­нің негізінде ақыл-ой әлеуе­ті­нің өзара кірігуінің, өмір дең­гейін теңестірудің, соның ішін­де экологиялық және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтама­сыз етудің маңызы зор. Осылайша Н.Назарбаев ЕҚЫҰ экономикалық-эколо­гия­­лық өл­ше­­мі­нің күн тәр­ті­бінде Еуразияның дағ­да­рыс­тан кейінгі интеграциясы мәселесі маңызды орын ала­ты­ны­на көз жеткізеді. Бұл жағдайда Қа­зақ­стан, құрлық­тың жүрегінде ор­налас­қан­дық­тан, еуразиялық бі­рігудің бастамашысы және үй­лес­тірушісі бола алады. Өр­ке­ниет­тер серіктестігі туралы Ел­басы идея­лары қа­зіргі әлем­нің эконо­ми­ка­лық және саяси мүдде­лері­не жауап беретіні айт­паса да түсінікті. Әлемдік қаржы жүйесінің ревизиясы «Түбегейлі эко­но­ми­калық жа­ңа­ру стра­те­гиясы» атты тарауда Мем­лекет басшысы ха­лық­аралық қо­ғам­дас­тыққа тү­бе­гейлі эконо­ми­калық ша­­ра­­ларды тал­қылау жөні­нен кең пікірсайысты ұсына­ды. Биыл­ғы эко­но­ми­калық форумда Пре­­­зидент: «Жаңа қар­жы­лық архи­тек­тураны құ­­­­ра­тын кез жетті. Оның өзегі Қаржылық на­рық­тар­ды қада­ғалау мен рет­­теудің жаһандық жү­йе­сі болуы тиіс», деді. Нұрсұлтан Назарбаев, жа­ра­ты­лысы өз­ге­ше ғалым ретінде, пос­тиндустриялық қо­ғам эконо­мика­сы­ның тео­рия­сына жаңа білім әке­ліп қана қоймай, идеяларын өмірге ен­гізуде белгілі практик бо­лып та­былады. Ол басқа елдерді түбе­гей­лі экономика­лық жаң­ғыр­­туға ша­қы­рып, бұл үдеріс­тің іс жүзіндегі тиімділігін Қа­зақстанның мы­са­лы арқылы бүкіл әлемге паш етеді. Атап айтқанда, осы форумда Мемлекет басшысы: «Осы дағ­да­рыс біз үшін салмақты сынақ бол­ды. Бірақ эконо­ми­каны модерни­за­ция­лау­дың уақ­тылы және жү­йелі жүзеге асы­рылған стратегия­сы ар­қа­­сында, біз одан абы­рой­мен шы­ға алдық. Өткен жыл­дың қо­ры­тын­дысы бо­йынша Қазақ­стан кері кетуге, рецессияға жол бермеді, эко­но­­миканың өсі­мін сақтады», деді. Шынында да бүгінде ел бюд­жетіндегі шығыстың жар­ты­сына жуығы әлеумет­тік са­лаға жұмса­ла­ды. Бұған тек эко­но­микалық жа­ғы­нан дамы­ған ел ғана жол бере ала­ды. Егер Қазақстанның ағым­дағы эконо­микалық көрсет­кіш­­тері­не тал­­дау жасайтын бол­сақ, біз­дің елі­міз әлемдік эконо­ми­калық дағдарыс жағ­­дайында эконо­ми­калық модер­ни­за­ция­лау­дың дұрыс стратегиясын әзір­леді жә­не іске асырды. Жаһан­дық дағдарыс жағдайында біз эко­номикалық және әлеуметтік да­му­дың халықаралық бәсеке­лес­тікке ықпал ететін ішкі әрі сырт­қы моделін айқындап алдық. Тұтастай алғанда Қазақ­стан әлем­нің барлық айма­ғын қамты­ған, елеулі сынақ болған жаһан­дық дағдарыс салдарларымен бет­­пе-бет келіп, оған төтеп берді. Планетаның энергоэкологиясы Н.Назарбаев өз кітабында адам­зат баласы үшін көкей­кес­ті, өзекті мәселелердің қа­та­рын­да теңгерімді энергети­ка­лық қауіпсіздікті құру жә­не айнала қоршаған ортаны қор­ғау мүмкіндігіне күмән ту­дыратын энер­гоэколо­гия­лық дағдарыс­тың да тұрға­нын жазады. Бұл мәселелерді шешу үшін ол ға­лам­дық страте­гия­ның мақ­сат­тары мен міндеттерін айқын­дап, оны қалыптас­тырудың негізгі ке­зеңдерін бел­гілейді. Мысалы, ресейлік және қазақстандық ға­лым­дар әзірлеген ұсыныстар өр­ке­­ниет­тік форумдарда (2007, Мәс­­кеу), (2008, Астана), (2009, Ал­маты), БҰҰ штаб-пә­те­рінде дөң­гелек үстел мәжіліс­те­рін­де (2009, Нью-Йорк), (2010, Шанхай, Минск) талқыланды. Жаһандық энергетикалық және экологиялық стратегия­ны әзірлеу туралы ұсыныс 2009 жылы БҰҰ, РФ және ҚР үкіметтеріне енгізілді. Сон­дай-ақ осы мәселені 2011 жы­лы Астанада өтетін Эко­но­ми­ка­лық форумда қарау туралы шешім қабылданды. 2012 жы­лы жобаны Дүние­жүзілік сам­миттің қарауына енгізу және оның шешімдерін жүзеге асы­ру жоспарлануда. 2010 жылғы Экономика­лық фо­­румда Нұрсұлтан Назарбаев осы кітапта баяндал­ған өрке­ниеттердің энер­го­эко­ло­гиялық серіктестігі стра­­те­­гиясының негіздеріне жаңа тар­мақтар енгізді, атап айтқанда ол: «Әлем жаңа, экологиялық тұрғы­дан қауіп­сіз технологияларға зә­ру, әлем оларды мемлекеттердің өзара жыл­дам алмасуын, қуат­тың қайта қал­пы­на келетін көздерінің барынша кеңі­рек пайдаланылуын қажет етеді», деді. Н.Назарбаев осы орайда Қазақстанның жаңа Экология­лық декларация ту­ра­лы бастама жария еткенін айтты. «Мұ­ны Еуропа мен Азия арасын­дағы «жасыл көпір» деп атауға болады. Бұл «жасыл экономи­каны» қалыптастыру және эко­ло­­гиялық қауіпсіздікті қамта­масыз ету үдерістерін жа­қын­да­туға жә­не жылдам­датуға мүм­кіндік береді», деді Мемлекет басшысы. Алайда дағдарыс кезе­ңін­де тех­­нологиялық және эко­номикалық мә­селелермен бай­­ланысты өзге де катаклизмдер болады. Сол себепті әлемдік қоғамдастық мү­ше­лерінің бә­рі­нің күш-жіге­рін жұмыл­дыру мақсатында ғаламдық әре­кет­те­суді ны­ғайту жөнінде шаралар қа­был­дау қажет. Оның үстіне экологиялық мә­се­лелер табиғи отынды пай­далану қар­қындылығына өз тү­зетулерін енгізуде. Киото келі­сімінің шең­берін­де зиян­ды газдар шығару мөл­шерін квоталаумен қатар, қазірдің өзінде біз­дің плане­та­мыздың «өкпесі» – әлемдік орман шаруашылығын қал­пына келтіру және дамы­туға назар аудару қажет. Дегенмен, жақын бола­шақ­та энер­­гетикада органи­ка­­лық отынды пайдалану ба­сымдыққа ие болады. Бұл оны тұтыну бағасының арта тү­суіне әкеп соғады, сол себепті эко­номиканың энергия сыйым­ды­лы­ғын азайту және ресурстарға ыж­дағаттылық­пен қарау аспектілері бірінші кезекке шығады. Энергия өндіру саясатын және оны әлемдік ауқымда тұтынуды сәйкестендіру қажет. Халық­ара­лық және аймақ­тық дең­гей­лерде өзара өтеу жөнін­дегі мәселелерді шешу керек. Электр қуатының балама және қайта қалпына келтірілетін көз­де­рін енгізу страте­гия­сы ерекше ма­ңызға ие бо­луы тиіс. Бұл орайда та­биғи яд­ро­лық реактор, қуаты мил­лион­даған жылдарға жететін күн қуатын пайда­лануға ба­сым­дық бер­ген жөн. Егер күн қуа­тының жыл­­дық мөл­шерін ба­ға­лайтын бол­­сақ, ол әлем­дік энергия тұты­нудан әлдеқайда көп. Маман­дар­­дың есебі бо­йынша шөл да­ла­ның бірнеше па­йыз алаңы­на кремний ба­та­­рея­ларымен жаһан­дық электр стан­­са­ла­ры­ның аз ғана санын салса жеткілікті. Бұл үшін, асыра айтсақ, бар болғаны құм мен интеллект керек. Бұл бағыттар бойынша Н.Назарбаевтың кітабының өзек­тілігі арта түседі, өйткені ғалымдар мен мамандардың қа­тысуынсыз бүгінде тиімді энер­гоэкологиялық стратегия жасау мүмкін емес. Сол себепті біздің Мемлекетіміздің бас­шысы­ның еңбегін ғылым әле­мін РИО-20 Тұрақты даму жө­ніндегі бүкіл­әлемдік саммитте (Бразилия, 2012) жаһандық стратегияны қалыптас­тыру жә­не енгізуге қатысуға шақы­ру ретінде қарауға болады. Сөз соңында Н.Назар­баев­тың кітабының тұсау­ке­серлері шең­бе­рінде еңбектің тұтас ғы­лы­ми трактат деп танылғанын айта кетуіміз керек. Кездесулерге қатысу­шылар монография міндетті түрде жал­ғасын тап­сын, қоғам үшін қажетті жа­ңа тараулармен толықты­рылсын деген ұсыныстарын білдірді. Хусаин ВАЛИЕВ, Парламент Сенатының депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор.