21 Желтоқсан, 2010

Арнайы өкілдердің мәлімдемесі

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
БҰҰ Бас хатшысының Ар­на­йы өкілі және БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипло­ма­тия­сы бойынша Өңірлік орталы­ғы­ның басшысы Мирослав Енча, ЕҚЫҰ Іс басындағы төраға­сы­ның Арнайы елшісі Жәнібек Кә­рібжанов пен ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Пьер Морель Қырғызстан конс­ти­туциясына сәйкес жаңа пар­ла­менттің жасақталуын, спикердің сайлануы мен жаңа үкіметтің та­ғайындалуын құттықтады. Бұл оқиға елдегі демократиялық заңды институттардың құрылысы жолындағы маңызды қадам бо­лып табылады, деп мәлімдеді арнайы өкілдер. Енді үкімет алдында халық­тың талап-тілегін ел­дің бірлігін нығайту, бейбітшілік пен қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету, адал бас­қару мен құқықтың үстем­ді­гі, татулықтың қауымаралық үнқа­ты­суын жолға қою, эко­номиканы қалпына келтіру мен барлық аза­маттардың әл-ауқатын арттыру арқылы орындау міндеті тұр.