21 Желтоқсан, 2010

Қазақстанның Венадағы салтанатты кеші

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15 желтоқсанда Венадағы Хофбург сарайында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тәуелсіздік күніне және Қазақстанның ЕҚЫҰ-да­ғы төрағалығының аяқталуына орай концерт пен салтанатты қа­был­дау болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. ЕҚЫҰ Іс басындағы төраға­сының Арнайы елшісі, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орын­басары Константин Жигалов меймандар алдында құттықтау сөз сөйледі. Ол ЕҚЫҰ-ға қаты­су­шы елдер мен атқарушы құры­лым­дарға жыл бойына көрсеткен қолдау-көмегі және Астана Саммитін табысты өткізуге ықпалы мен белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Қазақстан Президентінің аты­нан ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбоға сал­та­нат­ты жағдайда «Достық» ордені табыс етілді. Бас хатшы өзінің жауап сө­зінде Қазақстанды ЕҚЫҰ-дағы табысты және шын мәнінде тарихи төрағалығымен құттықтады. М.П. де Бришамбо өзіне тапсы­рылған награда Астана Саммитін дайындап өткізу жолында еңбек­тенгендерге арналғанына, форум­ның ЕҚЫҰ үшін үлкен табыс бол­ғанына сенімді екенін білдірді.