21 Желтоқсан, 2010

Азиадаға дайындық барысы қаралды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Азиада нысандарын пай­да­ла­нуға беру, жарысқа қатысушылар мен қонақтарға медициналық қыз­мет көрсетуді ұйымдастыру, до­пинг-бақылауды іске асыру, қоғам­дық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз ету мәселелері, сондай-ақ Азия ойын­дарын өткізуге жалпы дай­ындықтың барысы талқы­ланды. Ұйымдастыру комитеті оты­ры­сының қорытындысы бой­ын­ша тиісті шешімдер қабылданды.