21 Желтоқсан, 2010

Заң жобаларының дайындығын саралады

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен 22 желтоқсан, сәрсенбі күні өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасын бірінші оқылымда қарауды ұсынды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсы­нуымен «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Сауд Ара­бия­сы Корольдігінің Үкіметі ара­сындағы Астана қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің  объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы күн тәртібіне енгізіледі. Мәжілістің Әлеуметтік-мә­де­ни даму комитеті «Ғылым ту­ра­лы» заң жобасын және соған сәй­кес заңдарға түзету енгізуді көз­дей­тін заң жобасын екінші оқы­лымға дайындағанын мәлім етті. Жалпы отырыстың күн тәртібіне «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» заң жобалары шығарылатын болды. «Егемен-ақпарат».