24 Желтоқсан, 2010

Мәуелі бәйтерек

1054 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Өзендер өрнектеген Өскемен қа­ла­сында Әубәкір Байбатшин мен Қа­йырбану Қыдырханқызы деген қа­риялар тұрады. Бір ғажабы, екеуі де Ұлы Отан соғысының қаһарлы күн­дерінде қар төсеніп, мұз жас­та­нып, болашақ ұрпақ үшін жастық жі­гер­лері мен қажыр-қайратын жау­ға қар­сы жұмсаған жандар. Со­ғыс­тан орал­ған соң жастар тұрмыс құ­рып, бейбіт еңбекке араласады. Әу­бә­кір ақсақал ұзақ жылдар партия, ке­ңес жұмы­сын­да лауазымды қыз­мет ат­қарды. Қа­йырбану анамыз да еңбек ете жү­ріп балалар тәрбиесіне үлесін қо­сады. Қазір отағасы 97-ге аяқ басты, ал апайымыз 88-дің белесінде. Балалары мен немерелері, шө­бе­ре­лерінің бақытына кенеліп отырған қа­риялар шынында да бақытты жандар. Әукең ақсақал қазір де қатардан қал­ған жоқ, балалары мен немерелеріне ақыл-кеңесін айтып тұрады. Бү­гінгі әңгіме Әукең қарияның екінші ұлы Серік Байбатшин туралы. Ол ме­дицина ғы­лым­дарының кан­ди­да­ты, полиция полковнигі, ұзақ жыл­дар бойы Өскемендегі ішкі істер де­пар­таменті медициналық қыз­меті госпиталін жемісті басқарып келеді. ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызмет­ке­рі, ондаған медальдардың иегері, ар­дақ­ты азамат. Серік Әубәкірұлы – сөзден гөрі істің адамы. Аз сөйлеп, көп тың­дай­тын азаматпен жиырма шақты жылдан бері таныспыз. Ол бас­қа­ра­тын ем­ха­на­сы бар госпиталь шы­нын­да да үлкен ұжым. Қазір мұнда 140 адам еңбек ете­ді. Госпитальдің қызметін бұл күн­дері қылмыстық тү­зеу мекемесі, про­ку­ра­ту­ра, өрт сөн­діру, қаржы по­ли­ция­сы, ішкі іс­тер әскери қызметі, құқық қор­ғау са­ла­сында қызмет етіп, зей­неткер­лікке шық­қан ардагерлер пайдаланады. – Бізде қызмет ететіндер нағыз өз ісінің кәсіби шеберлері, – дейді Се­рік Бай­батшаұлы. – Терапия бө­лі­мі­нің мең­­герушісі Сәуле Нұр­би­ке­но­ва ұзақ жыл­дар жемісті қызмет етуде. Менің орынбасарым Күләш Би­бо­лова, СЭС бастығы Күләнда Қа­ды­рова, дәрі­гер­лер Ирина Иванова, Нұргүл Абдрахманова, медбикелер Н.Коржова, Г. Ғаб­дул­лина, Семейдегі дәрігерлік пункт­тің жоғары бі­лік­ті дәрігерлері Әлия Қал­кенова, тағы басқалар ұжым мақтанышы. – ІІО  қызметкерлерінің  арасын­да­ғы  жалпы аурушаңдықтың көр­сет­кіші 2008 жылы 547,7-ден 2009 жылы 526,6-ға дейін төмендеді және осы жы­­­лы мың адамға 518,9 құрады. Ал­ғашқы аурушаңдық 2008 жылы 292-ден 2009 жылы 274,1-ге дейін тө­мен­деді және 2010 жылы мыңға 273,4 құрады. Соңғы жылдары қыз­мет­кер­лер арасында алғашқы мү­ге­дек­тікке шы­ғу тіркелген жоқ. Был­тыр­ғы алты айдағы алдын алу тексерісімен қамту пайызы 2009 жылдың бірінші жар­ты­жыл­дығына қарағанда жоғары және 95 пайызды құрады. Соң­ғы үш жылда уа­қыт­ша еңбекке жа­рамсыздықпен ау­ру­шаң­дықтың төмендегені көрінді, Серік Әу­­бә­кір­ұлы­ның статистикалық есеп­теу­лерге шынайы берілгендігі канди­дат­тық дис­сертация қорғау кезінде қа­лып­тас­қан. Өскемен жол полициясы инс­пек­тор­лары өнегесінің  еңбек және ау­ру­шаң­­дық жағдайының гигиеналық-фи­зио­логиялық мінездемесі туралы таң­далған тақырып, жұмыс уа­қыт­та­ры­ның көптеген мезгілдерін көшеде өткі­зе­тін қызметкерлердің еңбекті сақтау бо­йын­ша алдын алу жұмыстарының қи­ын аспектілерінің бірін зерттеу мүм­кіншілігі туындады. – Менің      кандидаттық     жұмы­сым­­­­­­­­­ның     мақсаты,   жол    полициясы инс­­­­­­пек­тор­ларының еңбекті сауықтыру жағ­дай­ының ғылыми негізділігі үшін уақытша ең­бекке жарамсыздықпен ау­ру­шаңдықтың жағдайы жөніндегі мә­се­лені зерттеу болды. Өскемен қаласы секілді өнеркәсіп жағынан дамыған ор­та­лық­тарда қоршаған ортаны лас­тай­тын жә­не қызметкерлердің ағзаларына ке­рі әсер ететін  көптеген кө­лем­дегі әр түр­лі хи­мия­лық құрамдағы өн­ді­рістік шы­ға­ру­лар бақыланады. Бұған қо­са маңызды фактор – қалалық жолдар­дағы ав­токө­лік­тер­дің көбеюі де әсер етеді, сон­дық­тан да департаменттің бас­шы­лы­ғымен ғы­лыми жұмыстың тақырыбы құп­тал­ған еді. Зерттеу процесінде жасалған ше­­шім­дер сол кездегі облыстық ІІБ бас­тығы ге­не­рал М.Аманжоловтың ойы бо­йынша, жол полициясы қызмет­керле­рі­нің жұмы­сын ұйымдастырудағы жаңа тұ­жы­рым­да­маны дағдыландыру мә­се­ле­­сі мен ме­ди­ци­налық қызметтің жал­пы алғандағы жұ­мы­сын ұйымдастыруда анық көрінуі тиіс еді. 1999 жылы кан­ди­даттық жұмыс қорғалған кейін, дис­сер­тациялық комиссия док­тор­лық дис­сер­тацияны жалғас­ты­руға кеңес берді. Ба­лалық шақтан қа­лып­тасқан талап­шыл­дық, полковник Бай­батшинді жаңа, аса бір маңызды мақ­сатты алға қоюына ық­­пал етті. Қа­зақстан дәрігерлерінің ассо­циа­циясының съезін­де­гі әріп­тес­те­рі­мен кездесуі об­лыстық күші бар ве­дом­ствоның жетекшісі, медици­на­лық қызметтің бас­шысын жеке тұлғаның да­муын­дағы  жаңа бас­та­ма­ның нүктесі бо­лып табылды. Серік Әубәкірұлы үшін техникалық күш-қуат­тың және кадр­лық мәселенің нығаюы әлі күнге дейін басым болып саналады. Әсіресе, ме­дициналық кадрларда пол­ков­ник Байбатшиннің көз­қарасы қа­жыр­лы. Білімінің тұрақ­тылығы, тәжірибесі, та­бан­дылығы мен адамгершілігі –  міне, осы­лар дәрі­гер­ліктің беделін кө­теретін арқау. – Сауығуды  мәңгілікпен  ша­тас­тыр­ма­­ңыз , –  деп   өз   әңгімесінде  Серік Әубәкірұлы қанатты сөзді қоса отыр­ды және де: спорт – бұл денсаулық кепілі. Байбатшиндердің отбасында дене жат­тығуларымен айналысуға деген көз­қа­рас­тары ерекше. Ағалары Ертай Әу­бә­кірұлы, Серік Әубәкірұлы спортпен белсенді шұғылданады. Інісі ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еркін  Әубәкірұлы футболды, бильярд­ты, шахматты құр­мет тұтады. Және де бас­шы­лық құрам ара­сында бильярд бойынша департамент базасындағы тур­нир­дің өткі­зі­луіне де мұрындық болған. Осы дәстүр әлі жалғасуда. – Кәсіп   –   ерекше    белгіні  қал­ды­­рады.   Маған бағынышты адамдар – адам­заттың көрікті жартысының бірі болып келеді, яғни немқұрайлы қа­ра­ған­ды кешірмейді, – деп жауап берді Серік Әубәкірұлы. Және де әңгімеміз бір­ден тұлғалық анықтау жағына көшіп кетті. – 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департа­мен­тінің мед­қыз­меті 70 жылдығын атап өтті, республикада үздіктердің қатарына кіреді. Аз  жұмыс атқарылған жоқ, бірақ алда әлі де көптеген шаруалар күтіп тұр. Біз об­лыстық ІІБ медициналық қызметін құруда атсалысқандардың алдында қа­рыз­дармыз. Біраз ғана жиһазы және медициналық құралдардың жетіспеушілігі бар кішкентай ғимараттан бастап едік. Энтуазиазмде, тұрақты білім мен уа­қытты озуды алға қою үшін жұмыс іс­тедік. Өзіміздің сәтсіздігіміз бен же­ңі­сі­мізден үйрендік, өзіміздің өмірімізді елдің өмірімен бөлістік. Бүгінгі таңда, біз­дің Президентіміз Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы Назарбаев халықтың денсаулық мә­­се­лесіне, яғни қазақстандықтардың бо­­ла­шағына көп көңіл бөледі. Әлеу­мет­тік бағ­дарламалар қабылдануда, ке­лелі мә­се­лелер медициналық съез­дер­де қа­рас­­ты­рылуда, оның ішінде ау­ру­шаң­дықтың белсенді алдын алуы мен күрес жөнін­де­гі мәселелер. Съезге қа­тысқан­дар­дың тақы­рыбы, жалпы ҚР Ден­саулық сақтау саласында кадр­лар­дың же­тіс­пеу­шілігі, медициналық қыз­мет­­кер­лер­дің ең­бек­ақы­­­ларын көтер­ме­леу, отба­сылық-дә­рі­герлік амбула­то­рия­­лар­дың дамуы бол­ды. Бұл де­ге­ніңіз, ұлт ден­­сау­лы­ғы­ның маңызды мә­селесін ше­шудегі рес­публикалық көрсеткіш. – Серік Әубәкірұлы, дәрігер болам дег­ен ой қалай туды? – Отбасыма  көмек  көрсетсем  деген тілек балалық шақтан басталды. Біз үйде жеті бала болдық, мен-үшін­ші­мін. Әлі есімде, кішкентай бауыр­ла­рым мен қа­рындастарымның жаралап алған тізе­ле­­ріне жасыл дәріні жағуға  ты­рыс­қа­ным. Мектептен кейін арма­ным өзінен-өзі орындалды. Біздің ректор Поспелов Петр Моисеевич, мені сол кездегі Тор­ғай облысының Арқа­лық қаласына жібергені әлі есімде, бірақ: Мені Шы­ғыс­қа жіберуін сұра­дым, себебі менің ту­ған жерім сол жақ­та. Ол: педиатр бар­лық жерде керек екендігін айтты. Ин­тер­натураның бірінші жылы Өскемен қаласының екінші қа­лалық балалар ауруха­на­сында жұмыс істедім. Ин­тер­на­тураны аяқтағаннан кейін Еремченко Елена Васильевна: педиатр болып жұмыс істеуге қал, мен зейнеткерлікке шы­­ға­мын, сен бас дәрігер болып қа­ласың деп ұсынды. Ол жылдары менің от­басым бар еді, тұратын баспана қажет болатын. Бір жыл бойы педиатр-дә­рі­гер Есен Кенжебаевтың үйінде тұрдым, ол кезде әке-шешем Глубокое кентінде тұ­рушы еді. 1975 жылы «Бар­лығы да ауыл­ға» атты ме­дициналық қоғам­дас­тық құ­рылды, және де мен Глубокое ау­да­нының Прапорщиково ауылына жұмысқа жіберілдім. Маған бекітілген учаскелер: тұр­ғындары сегіз мың адам­нан асатын Прапорщиково, Черногорка, Уварово, Опыт­ное поле ауыл­дары болды. Сол жылдары КОКП мү­шелер қатарына қабылдандым, депутат болып сайлан­дым. Мені Жо­ғар­ғы­березовка ауру­ха­на­сына бас дәрі­гер­лік­ке тағайындады. Содан кейін об­лыс­тық ІІБ медқызметін басқару ұсы­нылды. Қылмыстық-атқару жүйесін­де ме­ди­цина­лық қызметті қам­тамасыз етумен айналысу жас басшы үшін атқару мектеп болды. Ал заңгер дип­ломы, сәнділік үшін емес, қажеттілік үшін керек болды. 27 жыл бойы Серік Байбатшин басқарып келген медициналық ұжым­да еңбексүйгіштік және жасампаздық қағидаты ұсталады. Госпитальдің ау­ма­ғында 500-ден аса қылқанды және жа­пырақты, оның ішінде қарағай, бал­қарағай,  емен, жаңғақ, қарағаш кө­шет­тері отырғызылған. Мәуелі бәйтерек жемісін береді, шуағымен адамдар жанын қуанышқа бөлейді. Міне, Байбатшиндер ұрпағы осындай жандар. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен. ____________ Суретте: Байбатшиндер әулеті.