25 Желтоқсан, 2010

Тәуелсіздік күнімен құттықтайды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет ел мемлекет басшыларынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­ді­гінің 19 жылдығымен құттықтаған хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. Швейцария Конфедера­ция­сы­­ның Президенті Дорис Лойтхард Елбасына жолдаған құт­тық­тауында: «Қазақстан Респуб­ли­касының Тәуелсіздік күнімен Сізді Швейцария Федералдық Кеңесінің және жеке өз атымнан құттықтаймын. Сізге зор ден­сау­лық және атқарып жатқан іс­те­ріңізге табыс, еліңізге гүлдену тілеймін», деп жазады. Чех Республикасының Президенті Вацлав Клаус Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қа­зақ­стан Республикасының Ұлт­тық мерекесімен құттықтап, өзі­нің жүрекжарды тілегін білдіреді. Сондай-ақ Венгр Респуб­ли­касының Президенті Пал Шмиттен де құттықтау келіп түсті. Ол өз хатында Венгрия Қазақ­стан­ды ерекше маңызды әріптесі ретінде санайтынын айта келіп, Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.