28 Желтоқсан, 2010

Табиғатты қорғаушыларға құрал

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Табиғат – ананы аялап, ту­ған өлкені таза ұстау сол жер­де өсіп-өнем деген кім-кім­нің де перзенттік парызы екені бел­гілі. Өкінішке орай, осы қа­ғиданы көбіміз кейде естен шы­ғарып алып, қоршаған ор­та­ға зиян келтіріп жат­қа­ны­мыз­ды аңғармай қаламыз. Оба­лы нешік, бұл тұр­ғыда эко­лог­та­рымыз аз тер төгіп жат­қан жоқ. Десе де, қоршаған ор­та­ны қарлығаштың қана­ты­мен су сеп­кендей қолдан кел­ген­ше мә­­пелеуге тырысу көбіне өзі­мізге байланысты. Бұл, әсі­ре­се, мектеп жасындағы жас­өс­пірім жеткіншектерді таби­ғат­ты сүюге баулуда ерекше кө­рі­ніс табады. Қоршаған ортаны қорғауда 13-15 жас аралығындағы бал­ғын­дар мен мұғалімдерге ар­нал­ған қо­сымша арнайы оқыту құ­ралы ретінде «Жасыл пакет» дискісі жол тартып отыр. Бұл со­нымен қатар жо­ға­ры­дағы атал­­­ған сала ішіндегі муль­ти­ме­дия­лық оқыту желісінің құ­­рам­дас бө­лігі болып та­былады екен. Ак­ция­ны таныс­ты­ру мақ­са­тын­да бүгін­дері бірнеше семинар-тре­нингтер де өт­кі­зіліп­ті. Со­ның бірі Аста­на­да­ғы № 54 орта мектепте еліміз мұғалім­дері үшін ұйым­дас­ты­рыл­ған ар­на­йы бас­қо­су. Елі­міз­дегі осыған бай­ла­нысты өтіп жат­қан берері мол жиынның өту­іне Шев­рон ком­паниясы мен Астанадағы ЕҚЫҰ ор­талығы, сондай-ақ Жа­һан­дық эколо­гия­лық қордың ша­ғын грант­тар бағдарламасы мұ­рын­дық болып отыр. «Жасыл пакет» дискісі Ор­та­лық және Шығыс Еуро­паның эко­логиялық аймақ­та­рында кең тараса, соңғы уа­қыт­тарда оны Ор­талық Азияға алып келу жұ­мыс­тары қол­ға алын­ған. Бір қуа­­­ныштысы, бұ­йыртса, көп ұза­май еліміз оқу­шы­лары со­ны­мен ана тілімізде оқып, та­ны­суға мүмкіндік алмақ. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.