28 Желтоқсан, 2010

Путин тағы да алда

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген сауалдамаға қарағанда, ел үкіме­тінің жетекшісі Владимир Путин биыл да Ресейде жыл саясаткері атанды. Сауалдамаға қатысқандардың 55 пайызы осындай пікірде. Ал президент Дмитрий Медведев 37 пайызбен екінші орында. Ол өт­кен жылдағыдан біршама көтері­ліпті. Үшінші орында – ЛДПР көсемі Владимир Жириновский. Тимошенко үй қамағында Өзінің мәлімдеуінше, Украи­наның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко прокуратурада тергеуде болғаннан кейін үй қамағына алыныпты. Киевте пәтері болмаған соң, Днепропетровскіге барып, сонда күн сайын тіркеліп отыратын көрінеді. Тимошенкоға Киото қаулы­сы­на сәйкес бөлінген қаржыны басқа мақсатқа жұмсаған деген айып тағылыпты. Ешқашанда моюды білмейтін бұрынғы премьер-министр бұл қаржыны жеке басыма пайдаланған жоқпын, зейнеткерлерге бердім деп ақталады. Қайда атса да оғы жетеді Пәкстан орта қашықтық бал­листикалық зымыранын сынақтан ойдағыдай өткізді. Енді олар 1,3 мың шақырым қашықтықтағы жау нысанын жоя алады. Осыған байланысты елдің ресми орындары енді Пәкстанда баллистикалық зымырандардың барлық түрі – шағын, орта және алыс қашықтыққа ататын түрлері барлығын мәлімдеді. Тек атыса­тын жау болмай-ақ қойсын деп тілейік.