28 Желтоқсан, 2010

Өз қаражаттарына – 44 пәтерлі тұрғын үй

428 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техника­лық университеті респуб­ли­ка­дағы ір­гелі оқу орындарының бірі. Жарты ғасырға жуық тарихы бар университет бү­гінде мате­риалдық-техникалық базасы бай, кадрлық әлеуеті жоғары білім ордасына ай­нал­ды. Мұнда таяуда 44 пәтерлі жаңа тұрғын үй сал­та­натты жағдайда пайдалануға бе­рілді. Бұл нысан универ­си­тет­тің өз қаражаты есебінен тұр­ғы­зыл­ған. Оның құны 442 миллион 923 мың теңге. Жаңа ғима­раттың төменгі қабатында студенттік медициналық орта­лық ашылды. Салтанатты ша­раға қатысқан Батыс Қазақстан об­лысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов алдымен осы ор­талықты аралап көрді. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орын­да­рын­да білім беру сапасын жақ­сар­ту мен қазіргі заман та­ла­бына сай білікті кадрлар әзірлеу ісіне үнемі қолдау көр­сетіп келеді. Осы тұрғыда БҚАТУ еліміздегі техникалық бағыттағы оқу орындары ара­сында үшінші орын алады. Бұл университет Ресей мен Германиядағы және Латвия­да­ғы жоғары оқу орын­дарымен ондағы ғылыми-зерттеу инс­ти­туттарымен, салалық ми­нис­трліктерімен сондай-ақ биз­­­нес орталықтарымен ты­ғыз байланыс орнатқан. Мұн­да  оқы­тушылар мен студент­тердің тұрмыстық жағдайын жақсар­ту­ға ұдайы көңіл бө­лінуде. Осы мақсатта соңғы екі-үш жылда оқытушылар үшін 72 пәтерлі тұрғын үй пай­далануға берілді. Енді, міне, биыл тағы да 44 оқы­тушылар отбасы жаңа пәтер­лерге ие болып отыр. Бұл, сөз жоқ, жоғары оқу ор­н­ын­дағы білім сапасының жақ­са­руына айтарлықтай септігін ти­гі­зеді. Студенттерге арналған 560 орындық тоғыз қабатты жа­тақ­хананың құры­лысы бас­тал­ған. Ол тәуелсіздіктің 20 жыл­дығына тартуымыз, – дейді оқу орнының ректоры Қазы­бай Бозымов. Пай­далануға берілген ме­ди­циналық орталық қазіргі за­манғы құрал-жаб­дық­тармен қам­тамасыз етілген. Бақтықожа Салахатдинұлы жаңа 44 пәтерлі үйдің ашылу рәсімі кезінде мәшине жасау фа­­культетінің деканы, техника ғы­лым­дарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаевқа, оқу және оқу-әдістемелік жұ­мыс жөніндегі департамент ди­рек­торы, ауыл шаруа­шы­лы­ғы ғы­лым­дарының докторы Нүр­кен Ғұ­башевқа, мониторинг және бі­лім сапасы менеджменті бас­қар­­масының бас­тығы, эко­но­мика ғылым­дары­ның канди­да­ты Тұр­сы­н­за­да Қуанға­лие­ва­ға пә­тер кілтін өз қолымен табыс етті. Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ, журналист. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.