29 Желтоқсан, 2010

Төрт түрлі пошта маркасы шықты

643 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жақында Астанада «Қаз­пош­та» акционерлік қоғамы өзінің «Спорт» сериясы бойынша ал­дағы VII Қысқы Азия ойын­дарына ар­налған төрт түрлі пошта маркасын шығарды. Мұны Туризм және спорт министрлігінде өткен рәсім­ді аталмыш акционерлік қоғамның басқарушы директоры Андрей Ваг­нер мен VII Қысқы Азия ойын­дарын ұйым­дастыру ко­митетінің Атқарушы дирекция­сы­ның бірінші вице-президенті Айбек Қапақов хабарлады. Атаулы маркалардың номинал­дары алуан түрлі. Айталық, «Тұ­ғырдан секіру» және «Мәнерлеп сырғанау» маркалары 240 теңге тұр­са, «VII Қысқы Азия ойын­дары­ның эмблемасы» және «Фристайл» бел­гілерінің бағалары 190 теңгеден ас­пайды. Ал маркалардың өлшем­дері 28х40 мм көлемді болса, әр­бірі­нің таралымы 50 мың дананы құрайды. Олардың парақтағы сан­дары 8 данадан, перфора­циясы ирек­телген, төрт бояулы офсетті бас­памен басып шы­ғарылған. Маркалар бейнелерін суретші Данияр Мұхамеджанов бедерлеп дайындаған. Тағы бір айтатын нәрсе, акционерлік қоғам пошта марка­лары­мен қатар алғашқы күннің хат­қал­тасын және арнайы пошта мөр­табанын да жасап шығартқан екен. Рәсім кезінде: «Қазпошта» акционерлік қоғамы осынау маңызды оқиғадан тыс қалмай, пошта маркалары мен филателистік белгілерді шығару арқылы, ел үшін елеулі болып табылатын шараға өзінің қолдауын көрсетіп келеді», – деді А.Қапақов. Сөзінің тү­йінінде: «1994 жылдан бері ұлттық пошта операторы «Спорт» сериясы бойынша, әлемдегі ең елеулі спорт­тық жарыстардың құрметіне, еліміз спортшыларының алуан қилы же­ңіс­теріне арналған 43 түрлі пошта маркасын шығарған. Соның ішінде В. Смир­новтың алтын медалі, Атланта, Лиллехамер, Солт-Лэйк-сити, Турин, Ванкувер, Афина, Бейжің Олимпиадалары, ФИФА ұйымына 100 жыл, Қа­зақстанның Олимпиа­да­дағы чемпиондары, ОАР-дағы футболдан әлем чемпионаты сынды мар­­калар бар. Аталған маркалар фи­лателистердің арасында үлкен қызы­ғушылыққа ие болады деп сенемін», – деді ол жиналғандарға. Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.