29 Желтоқсан, 2010

Жақсы адамдар жанымызда жүр екен

873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Біздің отбасы 2009 жылы Ерейментау ауданы, Ново­мар­ковка ауылынан елордаға қоныс аударған болатынбыз. Қолыма алған жиенім Диас Төкеновті Астана қаласын­дағы №8 орта мектепке оқу­ға бердік. Сол уақыттан бері осы мектептің әлеуметтік пе­да­гогы Гүлжазира Айжар­қы­нова бізге моральдық, ма­те­риалдық тұр­ғыдан үлкен кө­мек көр­се­тіп келеді. Ниеті ақ, мейірімі мол жанның өз жұмысын жо­ғары дәрежеде атқарғанына ана­лық алғы­сым­ды айтқым келеді. Жиеніме осы мектептен қала ішінде тегін жүруге арналған жолақы билеті, сон­дай-ақ та­ғам, киім-кешек беріліп тұ­рады. Бұл қамыққан кө­ңілге үлкен демеу. Мен бес баламнан айырыл­ған анамын. Қолымдағы жиенім де қайтыс болған қы­зым­нан қалған жалғыз тұяқ. Бү­гін­гі күнгі бар мақсатым – осы жалғыздың кө­ңіліне қаяу, қабағына кірбің тү­сір­меу. Дү­ниедегі барлық ананың тілегі де осы емес пе? Алайда, өмір­де зұлымдық пен жақсылық қатар жүреді екен. Жанар­ла­ры­нан жақындық көрген, жақ­сы­лықтың ұшқынын байқаған бізге бұл жандар адамшылық пен адал­дықтың үлгісі секілді. Гүл­жазира Тұрсынбекқызына, Ғалия Қуанышқызына, мектеп ди­рек­торы Сақан Сәтмағам­бе­тов­ке ана­лық алғысымды сү­йік­ті ба­сылымым «Егемен Қа­зақстан» арқылы жеткізе оты­рып, отба­сыларына денсау­лық, бақыт тілеймін. Еркетай БАЕТОВА. Астана.