29 Желтоқсан, 2010

Маңызды мәселелер қаралды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов­тің төрағалығымен құқық қорғау қызметі мен сот жүйесін реформалау мәселесі жө­нін­де кеңес өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ынша жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар, оның ішінде қылмыстық заң­на­маны ізгілендіру, бизнесті құқық қорғаушы органдар тарапынан көрсетілетін қысымнан қорғау, сондай-ақ олардың жұмысының тиімділігі мен айқындылығын арттырудың одан арғы бағыттары талқыланды. *  *  * Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Радиожиілік жөніндегі ведомствоаралық комис­сия­ның кезекті отырысын өткізді. Елімізде 3G стандартындағы ұялы байланыс жүйесін енгізу және 4G байланыс жүйесіне көшу, сондай-ақ сандық телехабар енгізу мәселелері қаралды. Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды, деп хабарлады   Премьер-Ми­нистрдің баспасөз қызметі.