29 Желтоқсан, 2010

Сипаты айқын түсіністік көрінісі

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Қытай сыртқы істер министрі Ян Цзечиді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында мемле­кет­аралық қатынастардың ауқым­ды салалары, оның ішінде парламентаралық үнқатысу, сондай-ақ халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасылды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қа­­зақстан мен Қытай ын­ты­мақ­тастығының шын мәнінде стра­тегиялық сипаты бар және тату көршілестік қатынас­тар­дың түрлі салаларындағы бай­ланыстардың қарқынды дамуы екі елдің мүдделеріне қатысты мәселелерді шешуде өзара сенім мен қолдауға ие болып келеді. Қ.Тоқаев Халық Өкілдері­нің Бүкілқытай жиналысы Тұ­рақты комитетінің төрағасы У Бангоға ізгі тілектестігін жолдай отырып, оған Қазақстанға ресми сапармен келуге шақы­руын нақтылады. Төраға екі ел үшін екі­жақ­ты қатынастарды одан әрі те­реңдету тұрғысынан ғана емес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылда да 2011 жыл аса ма­ңызды деп санайды. Қазақ­стан төрағалық ететін ұйым­ның мерейтойлық саммиті Астанада өтеді. Өз кезегінде Я.Цзенчи Сенат Төрағасына ХӨБЖ төр­аға­сы У Бангоның сәлемі мен Жаңа жылдық құттықтауын жет­кізді және екі халықтың дос­тығы мен өзара түсініс­тігін нығайту үшін биылғы шілдеде Женевада өткен Парламенттер төрағаларының дү­ние­жүзілік 3-ші конферен­ция­сы аясындағы кездесулері ма­ңыз­ды болғанын атап көрсетті.