31 Желтоқсан, 2010

294 үлескер пәтер кілтін алды

498 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңа жыл қарсаңында оңтүстік астананың әкімі Ах­­метжан Есімов 294 үй үлес­керіне пәтер кілтін та­быс етті. «Сайран» шағын ауда­нын­да Алматы қаласы әкім­дігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазкоммерц­банк» АҚ және «Қуат» кор­порациясы арасында жасал­ған меморандум негізінде «Қуат» кор­порациясының үй­ле­рі салына бастаған бо­ла­тын. Бұл жо­ба­ның жалпы со­ма­сы – 11 млрд. 365 млн. теңге. Қала басшысының қаты­суымен «29-шы орам» тұр­ғын үй кешенінің алғашқы кезегінің пәтерлері пайда­ла­нуға берілді. А.Есімов Жаңа жыл қар­саңында шаңыраққа ие бол­ғандарды қуаныштарымен құттықтай келе, қазіргідей қиын кезде қаржылық көмек көрсетуге ықпал еткен Ел­ба­сына көпшіліктің алғы­сын білдірді. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның тікелей қамқорлығы арқасында үлескерлер көп­тен күткен пәтерлеріне қол жеткізе бастады. – Қазақстан – үлескер­лер­ге көмек қолын созған бір­ден-бір мемлекет. Бұл іске мемлекет белсенді арала­сып, арнайы бағдарлама жасап, құрылысы тоқтап қал­ған жобаларды жүзеге асы­руға барынша ықпал етті – деді Алматы әкімі. – Коммуникация жүргізу үшін қала бюджетінен қосымша қаржы бөлінді, соның арқасында 10 шақырымдық су құбыры, 4 шақырымдық жылу желісі мен 4 шақырым канализация құбыры жүргізілді. Қазір бар­­­лық коммуникациялар ны­­сандарға қосылған. Тұрғын үй кешенінің екінші кезегі 2011 жылдың тамыз айында берілетін болады. Мұнда 276 үлескер пәтер кілтін алады. Айта кет­сек, Алматыда осыдан үш жыл бұрын 16 200 үлес­кер бар еді. Бұлар қала үшін үлкен проблема болған-тын. Бүгінгі күнге дейін 13 000 үлескердің мәселесі шешілді. Келер жылы 3300 үлес­кер­дің мәселесі шешілмек. Қорғанбек АМАНЖОЛ, Алматы.