31 Желтоқсан, 2010

Республика тұрғындары мен қонақтары назарына!

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздің республикалық маңызы бар автожол­дарын­да қысқы маусым аралығында ауа райының қолайсыз жағдайына (боран, жолдың нашар көрінуі және т.б.) байланысты жиі болып тұратын төтенше жағдайлар жа­йында, сондай-ақ автокөлік жол­дарының жабылған учаскілері жөніндегі мәліметтер Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtk.gov.kz, Автомобиль жол­дары комитеті www.kad.gov.kz және “Қазақавтожол” РМК-ның   www.kazavtodor.kz сай­тын­да орналастырыла­ды. Мұнымен қоса, (7172) 44-46-85, 8-777 537 46 14 нөмірлері бойынша тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді. Күн сайын республикалық маңызы бар автожолдар жағдайы туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құ­ралдары  арқылы жарияланып тұрады, деп хабар­лады “Қазақавтожол” РМК баспасөз қызметі.