31 Желтоқсан, 2010

Елбасы жолдауы – мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың тіні

487 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының депутаты Ерболат МҰҚАЕВПЕН әңгіме – Ерболат Рахметұлы, мемлекетіміз үшін аса маңызды құжаттың бірі – рес­публи­ка­лық бюджет жоспары. Биыл Парламент Сенаты «2011-2013 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджет туралы» заң жобасын ерекше талқылаудан өткізді десек, артық айт­қаны­мыз болмас. Депутаттар көпте­ген толықтырулар енгізді. Тал­қылау барысында қандай мә­се­лелерге баса көңіл бөлінді? – Әрине, бұл – маңызды құжат. Себебі, жыл сайын осы рес­публикалық бюджет туралы заң жобасының қабылдануы мем­лекеттің, халықтың тұрақты да­муын қамтамасыз етеді. Мақсатты бағдарламалар бойынша нақты қаржы бөлудің арқасында Қазақ­стан­ның барлық аймағындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін тауып келеді. Парламенттің қос палата­сында талқылаудан өтіп, қабыл­данған «2011-2013 жылдарға ар­налған республикалық бюджет ту­ралы» Заң да еліміздің бірталай мә­селелерін шешуге септігін тигізері сөзсіз. Бұл заң 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республика­сының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік өлшем­де­рі­нің болжамы, сонымен қатар, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізінде әзірленген. Соған орай, жалақының ең төменгi және мем­лекеттiк базалық зейнетақы тө­лемi­нiң мөлшерi, зейнетақының ең төменгi мөлшерiн белгілеу, Қа­зақстан Республикасының заңна­ма­­сына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлем­дердi есептеу үшiн, сондай-ақ, айып­пұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiші, базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең тө­мен­гi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы анықталды. Сонымен қатар, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызмет­тегi әскери қызметшiлерден бас­қа), iшкi iстер органдарының қыз­меткерлерiне, сондай-ақ өртке қар­­сы қызмет органдарының, Әдi­­лет министрлiгiнiң қылмыс­тық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң, қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тер­геу және саптық бөлiмше­лерi­нiң қызметкерлерiне тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қыз­меттер көрсетуге арналған шы­ғыс­тарды төлеу үшiн ақшалай өте­мақының айлық мөлшерi нақ­тыланды. 2011 жылға арналған респуб­ликалық бюджетте респуб­лика­лық бюджеттен облыстық бюд­жеттерге берiлетiн субвенциялар көлемi, арнайы мемлекеттiк жәр­дем­ақыларға, мүгедектігі, асы­рау­шы­сынан айырылу жағдайы бо­йын­ша және жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қаржы олардың мөлшері туралы өзге де проб­ле­ма­лық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ бюджет талқылауында ерекше көңіл бөлінген мәселелер, әрине, еліміздің ауылдық аймақ­тарын сумен, газбен, электр желілерімен қамту, көлік жолдарын жөндеу, экспорт, импорт, субсидия, сертификация, ауыл шаруа­шы­лығын, білім, медицина сала­ларын одан әрі дамыту, оны шетел стандарттарына сәйкес келтіру секілді бірнеше проблемалар алға қойылды. Үкіметтің саясаты Елбасының айқындап берген ба­ғытын бұлжытпай орындап, көп мәселелердің ішінде нағыз кө­кейкесті екі мәселеге нақты көңіл бөліп отыр. «Су – өмірдің көзі, бала – бо­лашақтың өзі» демекші, «Ақбұ­лақ», «Балапан» бағдарлама­ла­рын қабылдап, ең маңызды мәсе­лелерді алға тартып отыр. Бұл жерде Қаржы министрлігі профильдік министрліктермен бірге күрделеніп қалған мәселелерді шешу үшін аймақтарға қаржы бөлуде дұрыс шешім қабылдады. Өйткені, профильдік министр­ліктер қай облыста, қай салада бө­лінген қаражат экономика­мыз­ға, әлеуметтік хал-ахуалға қан­дай оң ықпал ететінін жақсы біледі. Мұндай саясаттың мақұлда­на­тынына менің күмәнім жоқ. Ендігі жерде осы бекітілген бюджеттің орындалуы бюджеттік бағдарламаларды орындай­тын әкімдіктердің қолдарында. Сонымен қатар, бюджетті тал­қылаған кезде мына қаржы Мә­жіліс депутаттарының, ана қар­жы Сенат депутаттарының сауа­лына орай қарастырылды деп бір Парламентті екіге бөлудің қажеті жоқ. Өйткені, қай аймақты алсақ та Мәжілісте де, Сенатта да депу­тат­тардың көтеріп отырған мә­селелері бір. Сонымен бірге, үш жылдық бюджетке енгізілген бағ­дарламаларды кейінгі жыл­дар­ға ысыруға жол бермеуіміз керек. Себебі, сол бағдарламаларға ар­на­йы қажетті құжаттамалар әзір­ленеді, ал егер олар шегеріле берсе, ескіріп қалады. Бұл – біріншіден. Екіншіден, бюджет дегеніміз саясат болса, біз онда неге осы үш жылдық әлеуметтік-экономи­калық саясатымыздан айнып оты­­руымыз керек? – Үш жылдық кезеңді қам­титын республикалық бюджет толықтай қабылданды. Осы қабылданған үш жылдық бюд­жеттің тиімділігі қандай? – 2012 жылға арналған рес­пуб­ликалық бюджет кірістерінің бол­жамы, яғни трансферттердің тү­сім­дерін есепке алмағанда, 2 трлн. 955 млрд. 232 млн. 375 мың теңге сомасында немесе 2011 жылдың болжамына қара­ған­да 318 млрд. 335 млн. 406 мың теңгеге артық анықталды. 2013 жылға кірістер 2012 жылға қарағанда 383 млрд. 958 млн. 690 мың теңгеге өсіріліп, 3 трлн. 339 млрд. 191 млн. 065 мың теңге сомасында жоспар­ланды. Тиісінше салық түсімдері де жылма-жыл көбейтіліп отыр. Алайда, шығыссыз кіріс жоқ дегендей, 2010 жылмен салыс­тыр­ғанда 2011 жылы бюджет шы­ғыстарының өсуі 469 млрд. 901 млн. 799 мың теңгені құ­райды. Бұл негізінен Мемлекет басшы­сы­ның Қазақстан халқына жол­дау­ларында айтылған іс-ша­ра­­ларын іске асырумен байла­ныс­ты. Яғни, қомақты қаржы ел азаматтарының өмір сүру деңге­йін арттыруға және жұмыс­сыз­дықтың өсуіне жол бермеуге, ша­ғын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамы­туға бағытталған. – Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауында көтерілген мәселелер толық қамтылған деп айта аласыз ба? – Иә, биылғы Елбасының халыққа Жолдауында көтерілген мәселелер бюджет заңының бап­тары бойынша толыққанды қам­тыл­ды десек, қателеспейміз. Мы­­салға, «2010-2012 жылдарға ар­налған респуб­ли­ка­лық бюджет ту­ра­лы» Заңға өз­геріс­тер мен толық­ты­рулар енгізу ту­ра­лы», оның ішінде, Елбасының тапсыр­масына сәйкес бюд­жет саласы қызмет­керлерінің жалақысы 2010 жыл­ғы 1 шілдеден емес, 1 сәуір­ден бас­тап 25%-ға ұлғай­тыл­ды. Ба­ла­ларды мектепке дейінгі оқы­тумен және тәрбие­леумен қам­­тамасыз ету деңгейін арт­тыруға бағыт­тал­ған «Балапан» салалық бағ­дар­ламасы әзірленді. Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығының тойлануына бай­ланысты әрбір соғысқа қатысу­шы мен соғыс мүгедегіне бюд­жеттен 65 мың теңге мөл­шерінде бір жолғы жәрдемақы төленді. Сол секілді соғысқа қатысу­шы­лар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мү­гедектері мен оларға теңес­ті­ріл­ген мүгедектердің жұбай­лары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қол­даусыз қалған жоқ. Оның сыр­тында Жеңістің 65 жылды­ғын кеңінен мейрамдауға байла­нысты соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің жеңілдікпен жол жүрулері үшін 383 миллион теңге қарастырылды. Назарбаев Университеті, Назарбаев Қоры, Назарбаев интел­лектуалдық мектептері мәртебесі туралы, оның ішінде «Өмір тура­лы ғылым орталығы», «Халық­аралық аспаптық орталық» және «Баламалы энергетика орта­лығы» атты үш ғылыми орталық құруды реттейтін Үкімет әзір­леген заң жобасы Парла­менттің талқылауында жатыр. Менің басында бәрі баптар бойынша толыққанды қамтылды деген себебім, Елбасының ха­лық­қа Жолдауында тапсырылған мәселелер тек 2010 жылы ғана емес, 2011 және одан арғы жыл­дарға жоспар ретінде енгізіліп отыр. Мысал ретінде, Қазақстан Үкіметіне 2011 жылы бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шы­ғын­дарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқарту, 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерін ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60%-ы дең­гейіне дейін өсіру, 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лықты кең ауқымды жаңғыр­тудың 2020 жылға дейінгі жос­парын жасау секілді мәселелерді атап өтуге болады. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы Жолдауы – мемлекеттік бюджетті қалыптас­тырудың тіні. – Сіз Батыс Қазақстан облысында жауапты қызмет­тер атқардыңыз. Қазір туып-өс­кен өңіріңізбен бай­ланы­сы­ңыз қалай? – Иә, біраз уақыт аудандарда, қалада, одан Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің аппара­тын­да басшылық қызметтер атқар­дым. Қазіргі таңда Парламент Се­наты­ның Аграрлық мәселелер және қор­шаған ортаны қорғау коми­теті­нің мүшесімін. Яғни, өзім мүшесі болып отырған комитет, мұнда қаралатын заң жобалары өңірлерді дамытумен тығыз байланысты. Дәл қазір Астана тұрғыны болсам да, туып-өскен өңіріммен қарым-қатына­сым өте жақсы. Қандай да бір күрделі мәселе болсын, осы облыс­тан сайланған депутаттармен бір­ге ақылдаса отырып, бірегей шешімдер қабылдаймыз. Көтеріліп жүрген және әлі де көтерілетін күрделі мәселелер туралы айтсақ, ондайлар жоқ емес, бар. Бірақ, біртіндеп шешімін тауып келеді. – Парламент Сенатының де­путаты ретінде сізді жалпы қан­дай мәселелер толғандырады? – Мені әрдайым толғандыра­тын жәйт – еліміздің, халқы­мыздың болашағы. Еліміздің даму деңгейі. Ауылдық аймақ­тар­дың әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы. Қазақстан осы XХI ға­сырда жедел қарқынмен дамып, бәсекеге қабілетті 50 мемле­кет­тің ішіне еніп, Азиядағы айтулы, Еуропадағы елеулі елге айнал­ғанын көргім келеді. Мем­ле­ке­тіміздің ішкі және сыртқы сая­сат­т­ағы ұстанымдары мен баста­малары халықтан және әлемдік қоғамдастықтан қолдау таба беруін қалаймын. Еліміз – жас, халқымыз – еңбекқор, Елбасы­мыз­дың көреген саясаты қол­дауға ие болып келеді, сондық­тан алар асуымыз алда деп ой­лаймын. Рахмет әңгімеңізге. Әңгімелескен Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.