31 Желтоқсан, 2010

Халық пен халық жақындасқан жыл

495 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Сәлден кейін тарих қатпарына қат­тала­тын 2010 жыл қазақ жү­ре­гінде өз орнымен ай­шық­та­ла­тынына еш күмән жоқ. Осы жы­лы елдіктің шежіресінен ойып тұрып орын алар бірқатар тарихи оқи­ғаның куәсі бол­дық. Тәуелсіздік ар­қа­сында өзімізді та­ны­тып, өзге­лер­ді де тани түстік. 2009 жылы Қазақстанның Германия­дағы жылы табысты аяқ­талса, 2010 жыл Германияның біздің еліміздегі жылы жемісті тәмамдалып отыр. Осы ретте біздің тілшіміз Германия Федеративтік Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Райнер Ойген ШЛАГЕТЕРГЕ жолығып, жыл бойына жүр­гізілген ша­раларға, жалпы жыл қорытындысына байланысты сауалдар қойған болатын. – Елші мырза, міне, Гер­мания­ның Қазақстандағы жы­лы да өз мәресіне жетті. Осы уа­қыт ішінде 100-ге тарта түрлі ша­­ралар өткі­зіл­ді, соның арқа­сын­да біздің ел­дің азаматтары Германияның бү­гін­гі тынысын, неміс жұртының қа­зіргі даму жолын біле түсті. Өзі­ңіз жыл қорытындысы туралы не айтар едіңіз? – Әрине, жыл қорытындысына көңіліміз әбден толады. Оның ая­сында ірілі-ұсақты бағдарла­малар бол­ды, біз Германиядан Қазақ­с­тан­ға әр түрлі – саясат, эконо­ми­ка, мә­де­ниет, ғылым салаларын қам­­­титын көптеген қызықты ақ­па­­раттар және көңіл көтеретін ша­ралар дайындап әкелдік. Бар­лы­ғы сәтті өтті, өйткені осы жыл­­ды ұй­ым­дастыруға бірнеше ұйым, мы­салы, біздің Елшілік, Бас кон­сул­дық және Гёте инс­ти­ту­ты мен Германияның Ака­­­­де­миялық алмасу қызметі ат­са­лыс­ты және де­меу­ші­ле­ріміз қол­дау көр­­сетті. Бар­лы­ғы­ның сәтті өтуі­не, со­нымен қа­тар, Қа­зақ­стан хал­­қы мен бұқа­ра­лық ақ­парат құ­рал­­да­рының Германия жылына деген қы­зы­ғушылығы жә­не көрсеткен қол­дауы оң әсерін тигізді. Осы­­ғын байла­ныс­ты мен барлық әкім­дік­тер­ге, кі­тап­ха­наларға және бас­қа да мекемелерге көр­сеткен жан­ды кө­мек­тері үшін алғыс айтқым келеді. – Енді әңгімені екі­жақты қарым-қа­­ты­нас­­тар тө­ңі­ре­гіне бұр­­сақ. Айты­ңызшы, қай салада екіжақты бай­ла­ныстар жо­ғары қар­қынмен дамуда және қан­дай бағыттарда оны өріс­те­те түсу қажет деген пікірдесіз? – Жалпы, Германия мен Қазақ­стан жақсы да тығыз ынтымақ­тас­тыққа қол жеткізген, біздің ел­деріміздің арасында достық қа­рым-қатынас орнатылған. Биылғы жылы Германияның Федералдық Канцлері екі рет Астанада болып қайтты, экономика саласына бай­ла­нысты бірнеше делегация да Қа­зақстанда болды, сонымен қа­тар, біз Германияның ұлттық футбол командасын осында қарсы ал­дық. Менің ойымша, біздің бай­ланыстарымыз қай салада болсын жоғары деңгейде. Әрине, солай де­генмен, біз экономикалық ын­ты­мақтастық пен сауда сала­сын­дағы бар әлеуетті қазіргісінен де тиімді пайдалана алар едік және пайдалануға тиіспіз, ал Қазақ­стан-Германия университетінің қа­­­тысуымен біз, мысалы, инженерлік оқу бағдарламасы аясында жұмыстарды қолға алу арқылы Қа­зақстанның әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосқымыз келетінін де айта кетейін. – Елші мырза, жоғарыда өзі­ңіз қазақстандық БАҚ-тардың Гер­мания жылындағы ат­қа­рыл­­ған шараларды халыққа жет­кізуіне ризашылығыңызды біл­дірдіңіз. Өткен жылы Берлинге сапарымызда сіздің елдің бас­шы­­ларының бірі «Менің да­ланы көргім келеді» деп айт­қа­нын, оның саяси элита ара­сын­да қанатты сөзге айналып кет­ке­нін естіген едік. Айтыңызшы, қазақстандық БАҚ-тар жыл ішін­дегі ша­ра­ларды жақ­сы­лап халыққа та­ныстыра ал­ды, ал неміс БАҚ-тары неміс халқына қа­­зақ даласын көрсете алды ма? – Мен қазақ даласының кең­ді­гіне өз басым қатты таңғалатын адам­мын. Осында келген өз елім­нің азаматтарына және елшілік қызметкерлеріне Астана мен Ал­ма­ты арасына бір рет болса да автокөлікпен барып қайтуға кеңес беріп жүремін. 1000 шақырымнан аса кеңістікке созылған ұшы-қиы­ры жоқ бітпес даланы көру ерекше әсер етеді. Сондықтан да Қа­зақстанға қатысты берілген теле-радио бағдарламаларында, газет журналдардағы мақалаларда дала, Қазақ елі ла­йық­ты орын ала­ды. Мен сіздің ха­лық­ты осын­дай да­­ла­ла­ры­ңыз бар­­лығы үшін құт­­тық­тай­мын. Қа­зақстан Рес­пуб­ликасы Сырт­­қы істер министрінің орынбасары Қай­рат Сарыбаев: «Біздің еліміздің теңіздер мен мұ­хиттарға шығар жолы жоқ бол­ғанымен, Дала атты үлкен теңізі бар», – деген болатын. Жоғарыда айтылған біздің ел­деріміздің ұлттық құрама ко­ман­да­лары арасындағы футбол кездесуінен кейін Астанаға келген Германия Бундестагының депутаты қазақстандықтар осы бір ғана ша­раның аясында өздеріне 30 миллион дос тапты, осыншалық неміс жұрты футбол ойынын та­машалады, деді. Расында, осы жыл­дар ішінде Германия жұрт­шылығы Қазақ елін, оның мә­дениетін, жалпы тынысын, оның кең даласын тани алды. – Өтіп бара жатқан жыл біз­дің еліміз үшін айшықты жыл болды. Өзіңіз білесіз, Қазақстан Еуро­па­дағы қауіпсіздік және ын­ты­мақ­тастық ұйымының төр­­ағалығын атқарып, жел­тоқ­санның басында Ванкувер мен Владивосток ара­сындағы ұлан­ғайыр кеңістіктің саяси бо­мон­ды Астанаға жиылды. Осы саммитте сіздің елдің деле­гация­сын Канцлер Ангела Меркель бас­тап келді. Осының өзі Гер­ма­нияның Қазақстан атқар­ған жұ­­мысты бағалауы, оның бас­та­маларын қолдауы деп ай­туға болатын шығар. Және ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төр­аға­лығына қа­тыс­ты ойла­ры­ңыз­бен де бөліс­сеңіз. – Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын алғаш­қы­да-ақ қолдады және төрағалық барысында кеңес беріп тұрды. Гер­мания Орталық Азияға қатыс­ты стратегиясымен Еуроодақ жұмысына серпін беруде. Германия мен Қазақстан халықаралық органдардағы жұмыстарында бір-біріне қашанда қолдау көрсетіп отыратын да жайы бар. Германия үшін Қазақстан Орталық Азия­дағы ең маңызды серіктес болса, Германия да Қазақстан үшін Еуропа Одағындағы ең маңызды серіктес болып табылады. Ал ЕҚЫҰ төрағалығына келсек, алғаш рет Қазақстан төр­ағалығы тұсында оның бюджеті өте ерте мерзімде-ақ айқындалды. Ұйымның әрбір шешімі оның құ­рамындағы 56 мемлекеттің бар­лы­ғы бірдей келіспей қабыл­дан­бай­тынын ескерсек, осының өзі біраз жайды аңғартады. Со­нымен бірге, Қырғызстандағы жағ­дай тұ­сында Төраға елдің ат­қарған ісі оның сая­саттағы шеберлігін көрсетті. Әри­не, ұзақ­­­қа созылған жан­­­­­жалдар бо­йын­ша жұ­мыстар ат­қа­ру көп күш-жі­герді талап ете­ді, әрі оны бір жыл­дың ішінде шешіп тастау мүм­кін емес. Қорыта кел­ген­де, Қазақ­стан төр­аға­лығы та­быс­ты өт­ті деп толық сеніммен айтуға болады. Астана Саммиттінде қа­былданған декларацияда бұрынғы саммиттерде көр­­сетілмеген біраз мәселелер хат­талды. Қа­зақстан 56 елдің де­ле­гациясының басын Астанада қоса алды және жоғарыда ай­тыл­ған Астана дек­ларациясы қабылданды. Мұнымен қатар, мен төр­аға­лықтың Қазақстанның өз ішіндегі демократияландыру үдерісіне де оң ықпал еткенін айта кеткім келеді. Мен қазақстандықтарды алып даласы барлығымен ғана құт­тықтап қой­май, халық­ара­лық ұйымдағы төрағалығын та­бысты аяқ­та­уы­мен де құт­тық­таймын. – Уақыт бөліп әңгі­мелес­ке­ніңіз үшін көп-көп рахмет, енді «Егемен Қазақстан» оқырман­да­рына, жалпы қазақстан­дық­тарға деген жаңа жылдық ті­легіңізді білдірсеңіз. – Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, мықты денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін. Қа­зақстан Республикасының қай бағытта да қарқынды дамуына тілектестігімді білдіремін! Әңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.