АСТАНА. 5 қаңтар. Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Иранмен дипломатиялық қатынастың үзілгені туралы мәлімдеме жасағаннан кейін оның соңынан бірнеше ел сондай қадамға барды. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Эр-Рияд пен Тегеран арасындағы жанжал 2 қаңтар күні Сауд Арабиясында терроризмге қатысы бар деген айыппен 47 адамның өлім жазасына кесілгенінен кейін туды. Жазаға тартылғандар арасында белгілі шиит уағызшысы Нимр ан-Нимр де болды. Осының артынша ресми Тегеран өкілдері тарапынан Саудия билігінің әрекетін айыптаған өте қатқыл мәлімдемелер жасалды. Қаңтардың 3-інде күні бойы Иран астанасында шерулер өтіп, жергілікті шииттер Саудия билігінің әрекетіне қарсылық білдірді. Соның ішінде 400-ге жуық адам Сауд Арабиясы елшілігі ғимараты алдына жиналып: «Әл-Саудқа (Салман ибн Абдул-Азиз әл-Сауд – Сауд Арабиясының королі – ред. ескертпесі) өлім келсін!» деп айқайлап тұрып алды. Сол күні кешке Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Әдил әл-Джубейр «корольдіктің ішкі істеріне ашықтан-ашық араласқаны, аймақта дұшпандық іс-әрекеттер жасағаны және корольдіктің Тегерандағы елшілігі мен Мешхед қаласындағы консулдігіне шабуыл жасалғаны үшін» Иранмен дипломатиялық қатынастың үзілетіні туралы мәлімдеме жасады. Эр-Риядқа ынтымақтастық ретінде 4 қаңтар күні Бахрейн де Иранмен елшіліктің тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұдан басқа, Африкадағы Судан мемлекеті де парсы мемлекетімен байланысты үзетінін жеткізді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.
Саясат • 05 Қаңтар, 2016
Бірқатар елдер Иранмен елшілік қатынасты үзді
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05