Аймақтар • 05 Қаңтар, 2016

Теміртауда тоғыз жасар бала жоғалып кетті

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртауда тоғыз жасар бала айдың күннің аманында жоғалып кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

05-01-2016-Propala malshik

Владислав есімді тоғыз жасар бала 29 желтоқсан күні үйден шыққан да содан үшті-күйлі жоғалып кеткен. Кейбір деректерге қарағанда, баланы біреулер соңғы рет «Комсомолец» деген кинотеатрдың маңынан көріпті... Баланы іздеушілердің бармаған жері, баспаған тауы қалмаған: әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже берер емес. Бүгінгі күнде іздеушілердің қатарына құрамы 70 сарбаздан тұратын әскери рота да қосылды.

Қайрат Әбілдинов.

Дерек, сурет: egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар