АСТАНА. 5 қаңтар. Алматы тұрғындары Мешін жылын тірі маймылмен қарсы алуды құп көргендіктен зоодүкендерден оларды жаппай сатып алуда. Бұл туралы almaty.tv хабарлады.
Бүгінде ZОО дүкендердің бизнесі қызып тұр. Бағасы көліктің құнымен пара-пар маймылдарды қалталылар жаппай сатып алуда.
Алматыдағы ZОО дүкендердің біріндегі тоғыз айлық мешін Африка құрлығынан жеткізілген. Маймылдардың «Лорри» деген тұқымына жатады. Дүкен сатушыларының айтуынша, осы маймылдың 8-і бір ай ішінде сатылған. Мұның құны шамамен 320 мың теңгені құрайды.
«Бұл маймыл көбіне түнде тамағын тауып жеп, қыдырғанды қалайды. Жалпы, сатылымға түскен маймылдардың ішінде «Лорри» ең арзаны. Мына жұдырықтай ғана «Игрунка» атты маймылдың құны 1500 доллар. Ұрғашы-еркегін бірдей бір миллион теңгеге жуық ақшаға сатып алған тұрғын жасыл қағаздарды сытырлатып санап берді», – деді дүкен сатушысы.
Ал Алматы қаласының тұрғыны Ольга Андреянова: «Біріншіден - мешін жылы. Мешін жақсылық әкеледі деген ырымға сенеміз. Екіншіден -балаларыма сыйлағым келеді. Үшіншіден - бізде өзіміздің кішігірім тәлімбағымыз бар. Сондықтан мына кішкентай маймылдың екеуін алдым», – дейді.
Айта кетейік, бизнесі жүріп тұрған дүкен иесі сатып алушыларға маймылдарды күтіп-баптаудың әдісін үйретіп береді. «Маймыл өте нәзік, сондықтан оны асырау үшін алдымен жағдай жасау керек. Тамақ талғамы да жоғары, жиі өзгертіп тұру керек. Жәндіктерді де жегізген жақсы. Яғни, табиғи жаратылысындағы тағамдарын беруге тырысу керек. Олардың айналасына деген қызығушылығы өте жоғары»,- деді ЗОО дүкенінің сатушы-кеңесшісі Елена Потапенко.
Африка елдерінен басқа малазиялық маймылдарға да сұраныс жоғары. Сұраныстың көптігінен маймылдарды әкеліп үлгере алмай жатқандарын айтады сатушылар. «Лапундер» -2500, «Явандық макака» -2800, «беларусстық қызыл мешіннің құны» – 5000 доллардан асып түседі екен. Ал үйлерінде ит пен мысық асыраудан жалыға бастаған жандар соңғы кезде құнының қымбаттығына қарамастан, таңсық аңдарды асырауға көшкен.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет. almaty.tv.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10