«Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасыры топтасқан халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын дәлелдеп берді». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деп аталатын мақаласында осылай деді. Жалпы, қай сөзінде болсын Президентіміздің баса назар аударатын саясатының бірі – ел бірлігі. Оның мөлдір бастауы халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген асыл сөзінде жатыр.
Елдің ауызбірлігі туралы жеті ғасыр бұрын жыраулар да күңіренген, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», деп кешегі Абай да өкініп өткен. Абай өлеңдерін жатқа оқитын Елбасы жақында өткен бір кездесуінде «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ақын сөзін тағы да мысалға алды. Мысалға алып қана қойған жоқ, осы сөзді ертеңіне сенімді еліміздің әр ауыл, әр қаласының көшелеріне жазып қоюды тапсырды. Өзім басшылық етіп отырған Жамбыл облыстық газетінің «Ақ жол» деген «бөркінің» үстіңгі жағындағы «Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды» деген сөзді де біз Елбасы саясатынан туындатып қойғанбыз. Енді оны газеттің әр санында жарияланатын қазақстандық достық туралы мақалалардың айдарына айналдырып, орнына Елбасы мысалға келтірген ғибратты шығарып отырмыз.
«Бөлінгенді бөрі жейді». Жүзін жарнамалап, ру аттарын аттандап жүрген «шолақ белсенділерге» Абай ақылы, Елбасы саясаты сабақ болса екен дейміз. Жамбыл жері ежелден ұлттық бірлікті санада сақтаған, татулықтың ордасы болған өңір. Сан этностың ұл-қызына құт мекен болған қазақ даласында бейбітшілік пен тұрақтылықтың салтанат құруы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында жүзеге асуда. Ортақ Отанымыздың басты құндылықтарын, асыл мұраттарын құрметтеп, қастерлеу – әрбір қазақстандықтың парызы. Ұлт болып бірігіп, Елбасының алдымызға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру – әрбір азаматтың борышы.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
жазушы.
Жамбыл облысы.

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10