«Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!».
Елбасымыздың республика тұрғындарына жариялаған Ұлт Жоспары бәрімізді асқақ арманға жетелейтін осындай рухты сөздермен басталады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» ауқымды стратегиялық бағдарламаны орындаудың нақты қадамына көшуіміз алдымызға нақты міндеттер қоюмен бірге, жаһандық қиындықтарды еңсерудің мол тәжірибесін қалыптастырары, жеріміздің асты-үстіндегі қисапсыз байлықты ұқыптылықпен пайдалануға үйретері, жаңа технологияларды еркін меңгеріп, аса дамыған 30 елдің қатарына жетуге жетелері анық.
Президентіміздің елімізді тереңдете жаңғырту жөніндегі ой-идеяларына әркез жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан солтүстікқазақстандықтар Ұлт Жоспарын дағдарысқа қарсы басты құжат ретінде қабылдап, өсім, реформалар, даму ұғымдарымен біртұтас жүйеде қарастырары анық. Өйткені, барлық саланы қамтитын терең реформалық өзгерістер ауқымы аса кең. Оның түпкі мақсаты ел экономикасының серпінді дамуын, халқымыздың дәулетті өмір сүруін, мемлекет пен азаматтық қоғамға демократия үрдістерін белсендірек енгізуге зор ықпал жасауды діттейді. Бүгінгідей ерекше кезеңде өсіп-өркендеудің әлемдік өркениетіне қол жеткізудің маңызды екенін Мемлекет басшысы тағы бір айғақтап берді.
Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет құрудың бесінші реформасы шеңберінде де бірқатар түйінді мәселелер шешілетін болады. Әсіресе, қажетсіз әкімшілік кедергілерді қысқарту, сұрау салынатын құжаттар санын азайту арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді барынша оңтайландыру, ашықтығын қамтамасыз ету әбден қолдауға тұрарлық.
Бүгінгі күні реформалар табысы ұлт бірлігіне бастар жол екені ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасырға жуық кезеңі қазақстандықтардың биік белестерді бағындыра алатынын көрсетіп берді. Оны мектеп-интернаттың күнделікті өмірінен де көруге болады. 10 этнос өкілінен құралған 130-ға жуық қызметкеріміз бейбітшілік пен ынтымақтастықтың жарқын үлгілерін көрсетіп келеді. Құрамында 6 тәрбиеленуші бар классикалық би тобы жуырда Италияда өткен халықаралық байқауда Гран-приді иеленді. Барып-қайту жолсапарына аймақ басшысы Ерік Сұлтанов қаржылық қолдау көрсетті. Қазір мұнда есту қабілетінен айырылған 145 кемтар бала тәрбиеленеді. Мекеменің еліміз бойынша орта білім беретін жалғыз мектеп-интернат екенін ескерсек, Үкімет тарапынан жасалып отырған қамқорлық айрықша екенін баса айтқым келеді. Соңғы 6 жылда 11 түлегіміз жоғары білім алып шықты. 3-і магистратурада оқиды. Мектепалды дайындық тобы жұмыс істейді.
Азаматтық біртектілік пен біртұтастықты нығайтуға бағытталған қазақстандық формуланың дәйектілікпен орындалатынына сенімдіміз.
Жанкелді ТӘЖИН,
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты, облыстық арнайы коррекциялық мектеп-интернаттың директоры.
Солтүстік Қазақстан облысы.

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10