Бас басылымнан Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын ерекше екпінмен оқып шықтым. Біле білсек, бұл қуана құптарлық мақала болды. Ең бастысы, елді ұйыта әрі жарқын жолға бастаушы болып отыр. Шыны керек, дәл осы кезеңде біздің Елбасы даралығын, көреген көшбасшылығын көрсете білді. Бұл – бір менің ғана емес, дүйім жұрттың пікірі. Бұл жерде баса айтар жайт – сөз бен істің қабысуы болып отыр. Оған өзіміз еңбек етіп жүрген өңірден мысалды көптеп келтіре аламын. Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорған күннен күнге түрленіп, сәні мен салтанаты артуда. Мемлекеттік саясатқа сай атқарылған нәтижелі жұмыстың жемісі сол, облыс экономикасы анағұрлым өркендеп, бюджет қоржыны толыға түсуде.
Экономист ретінде айтарым, Құрғақ порттың Жетісу жерінен ашылуы әлі сан мүмкіндіктің жолын ашып қана қоймай, телегей табыстың қайнар көзіне айналары анық. Жалпы, Жетісу жері Елбасы мақаласында айтылған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін өңір болып саналады. Осы елді дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда атқарылып жатқан игілікті істер соның жарқын дәлелі болып табылады. Сондықтан жаңа жылдың алғашқы күнінен Ұлт Жоспарын орындау уақытының басталуы экономикалық жағдайды жақсартқан үстіне жақсарта түсетініне сенім артамыз. Өйткені, осыған дейін басталған жұмыс жанды жалғасын тауып, үлкен қолдау тауып, табыс бастауын аша түсері хақ. Нәтижесінде Қазақстан өркениетті, дамыған 30 елдің қатарынан өз орнын алып, гүлдене түсетіні анық.
Олай деуіме еліміздің бейбіт те құтты өмірі, сол өмірді еліне сыйлап қана қоймай, одан әрі кемелдене түсуіне бастап отырған Елбасына деген сенімім негіз болады. Бас басылымдағы мына мақала сол ойымды бекіте түсті.
Болат СЕРИЕВ,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қаржы-экономика факультетінің деканы.
Алматы облысы.

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10