09 Қаңтар, 2016

Астанада Халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы ұсталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09-01-2016-nterpolАСТАНА. 9 қаңтар. Елордалық полицейлер жедел іздестіру кезінде аса ауыр қылмыс жасаған Түркия азаматын ұстады. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Астана қаласының тәртіп сақшылары Халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы Түркия азаматын құрылыста жұмыс жасап жүрген жерінен ұстаған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оған 2015 жылдың желтоқсанында ауыр қылмысы үшін Түркия Республикасының Интерполы халықаралық іздеу жариялаған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.