АСТАНА. 10 қаңтар. Ресейдің Белгород қалалық ауруханасынан науқасты ұрып өлтірген дәрігер жұмысынан қуылды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Белгород қаласындағы №2 аурухананың дәрігері емделушіні соққыға жығып, салдарынан науқас оқиға орнында қайтыс болды.
Айта кетейік, жантүршігерлік жағдай өткен жылдың 29 желтоқсанда қаладағы №2 ауруханада орын алған. Онда терапия бөлімшесінің дәрігері мейірбикеге тиіскені үшін емделушіні ұрып өлтірген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан дәрігер әйелдің емделушіні тексеріп отырғанын көруге болады. Сол сәтте кабинетке жас қызды еріткен дәрігер кіріп келеді. Ер адам науқасқа кенеттен күш көрсетіп, соққыға жығады. Салдарынан басына тиген қатты соққыдан ол құлап қалады. Ал дәрігерге қарсылық көрсетпекші болған емделушінің жолдасы да ауыр жұдырықтың астында қалды. Бірнеше уақыттан кейін бөлмеде болған әйелдердің бірі науқастың көгеріп кеткенін аңғарады. Осы кезде «қызба» дәрігер оған көмек көрсетпекші болады. Дегенмен жәбірленуші оқиға орнында қаза табады.
Қазіргі таңда күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған. Себебі қылмыс ауыр деңгейдегі категорияға жатпайды және баптың санкциясы бұл жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Бұл категориядағы қылмыс үшін қамауға алу деген бұлтартпау шарасын таңдау үшін ерекше жағдайлар талап етіледі.
Жергілікті тергеу комитетінің мамандары дәрігердің және оның отбасының Белгородта тұрып жатқанын, бұлтартпау шарасын бұзып жатпағанын, сондықтан тергеуде өзгерістер енгізуге айтарлықтай себептің жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ, комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктінің қылмысы байқаусызда кісі өлтіру болып бағаланған.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.
• 10 Қаңтар, 2016
Ресейде науқасты ұрып өлтірген дәрігер жұмысынан қуылды

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10