10 Қаңтар, 2016

АҚШ Оңтүстік Кореяға В-52 бомбардировщигін аттандырды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-01-16-b-25_bomber

АСТАНА. 10 қаңтар. АҚШ соңғы күндері Корей түбегіндегі ахуалдың күрт күрделене түсуіне байланысты Корея Республикасына өзінің В-52 стратегиялық бомбардировщигін аттандырды. Бұл туралы «Ренхап» агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС хабарлады. Екі корей мемлекеті арасындағы қарым-қатынастың қайтадан қырғиқабақ қалыпқа келуіне жақында КХДР-дың сутегі бомбасын сынақтан өткізуді сәтті аяқтағаны жөнінде мәлімдеме жасауы болды. Оңтүстік Корея ақпарат агенттінің мәліметіне сәйкес, бомбардировщик түбекке Американың Гуам аралында орналасқан әуе-қорғаныс күштері базасынан жіберілген. Сеулдің Пхеньян әрекетіне байланысты жасап жатқан қарсы шараларының бірі осы болып отыр. Мұның алдында Оңтүстік Корея КХДР-мен шекарада насихаттық хабар жүргізуін қайта бастаған еді. Еске сала кетейік, КХДР 6 қаңтар күні сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеген болатын. Онда елді үкіметі сынақтың «аймақтағы экологиялық ахуалға әсер етпегені» атап көрсетілді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ТАСС.