Біздің халық ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын бағамдай білген. Оның ішінде қастерлі Отан-Ананы қорғау ең асқақ парыз, абыройлы міндет екенін жас сарбаздар да жақсы біледі.
Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию деген сөз. Осылайша, ант қабылдаған сарбаз – біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ата-бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа айналмақшы.
10 қаңтарда Ұлттық ұланның құрылғанына 24 жыл толды. Айтулы датаға орайластырып еліміз бойынша Отан алдындағы әскери борышын өтеуге шақырылған жас сарбаздардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімін өткізу дәстүрге айналған. Осы күні әскери антты Астана гарнизоны бойынша 200-ден астам жас жауынгер қабылдады.
Айта кетейік, бұл жолғы ант қабылдау рәсімі өзінің ауқымдылығымен ерекшеленіп отыр. Біз куә болған шарада елордадағы 6636-әскери бөлімінің жас сарбаздары серт берді. Отан үшін отқа түсер азаматтарымыздың өміріндегі бұл жауапты қадам жасау шарасына ІІМ басшылығы, Ұлттық ұлан бас қолбасшылығы, өзара іс-қимыл жасайтын органдардың, Астана қаласы әкімдігінің басшылары, сондай-ақ, ант қабылдаушылардың ата-ана, туған-туыстары қатысты.
Жауынгерлер қатарын еліміздің түкпір-түкпірінен әскерге алынған жас сарбаздар құрады. Сондай ыждағатты дайындықтың жемісін алаңға жиналған көпшіліктің жауынгерлерге деген ерекше ықыласынан аңғаруға болатын еді. Жауынгерлік ту салтанатты түрде сап түзеген сарбаздардың нақ ортасына әкелінген соң шараның шымылдығы түріліп, жауынгерлер ант қабылдауға кірісті. Әсіресе, сарбаздарға арнаған құттықтау сөздерден:
– Ұлттық ұлан жауынгерлері, бүгін сендер әскери ант қабылдай отырып, туған елің – Қазақстан Республикасына, қастерлі халқымызға және оның заңды сайланған Президентіне ақтық демің қалғанша адал қызмет етуге серт бердіңдер. Бұл – сендердің өмірлеріңде ерекше есте қалар сәт әрі ер еншісі – ел қорғауға басқан қадамдарың, – деген секілді патриоттық рух беретін небір жалынды сөздер жауынгерлер жігерін жанып, оларды одан әрі қайраттандыра түсті.
Иә, Отан алдындағы борыштарын өтеу бақыты елордада бұйырған жас сарбаздар үшін ендігі міндет – ел тыныштығын кірпік қақпай күзету, азаматтар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес жүргізу.
Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА,
журналист.
АСТАНА.
Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Әлеуметтік секторды жаңғырту қандай нәтиже берді?
Қоғам • Бүгін, 15:05
Жұмысшылар «Желтоқсан – ерлік тарихы» атты танымдық байқауға қатысты
Қоғам • Бүгін, 14:40
Сауалнама: Қазақстан халқының 77 пайызы Президентке жоғары деңгейде сенім білдірді
Президент • Бүгін, 14:26
Жер астында алып мұхит жасырынып жатуы мүмкін бе?
Әлем • Бүгін, 14:18
Сиднейдегі терактіден қаза тапқандар саны 16-ға жетті
Оқиға • Бүгін, 14:02
Сарапшы: Қазақстан Өзбекстанға қарағанда дайын өнімді көбірек өндіреді
Экономика • Бүгін, 13:44
Ежелгі парсы қолжазбаларында қазақ хандығы туралы не айтылған?
Музей • Бүгін, 12:52
Қарағанды полициясы баланы ұрып оқытқан логопедке қатысты тексеріс бастады
Оқиға • Бүгін, 12:37
БҰҰ-ның мұқтаж жандарға берілетін гуманитарлық көмегі қысқаратын болды
Әлем • Бүгін, 12:13
Доминго, Хаусер және Димаш Будапештте өнер көрсетеді
Ән • Бүгін, 12:05
Аида Әбікеева әйелдер арасындағы 2025 жылдың үздік боксшысы атанды
Бокс • Бүгін, 11:50
Жамбыл облысындағы ірі химиялық кешеннің экономика үшін маңызы қандай?
Экономика • Бүгін, 11:47
Биыл 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтылды
Энергетика • Бүгін, 11:32
Астана мәслихатының депутаты тексерілмеген ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Алматыда пойызда газбен уланғандардың жағдайы қалай?
Оқиға • Бүгін, 11:18