12 Қаңтар, 2016

Жас ақын жеңімпаз атанды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Астанада, ҚР Ұлттық академия­лық кітапханада ардақты ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Поэзия падишасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты Фариза Оңғарсынованың жырларын – әде­би мұрасын ел ішінде насихаттап жүрген әде­биет­ші-ғалым, фаризатанушы ақындарды тауып, өнерлерін көп­шілікке таныстыру болатын. Байқау Фариза ақынның туған күніне орай тұңғыш рет өткізілді. Алдағы уақытта Ұлттық академиялық кітапхана бұл байқауды дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізіп тұратын болды. Фариза Оңғарсынова өлеңдерін жатқа оқып, насихаттап жүрген атыраулық жас әдебиетші әрі ақын қыз Назира Әшімге қазылар алқасының шешімімен «Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлықтың лауреаты» атағы мен медалі тапсырылды. Маржан ЕРШУ.