Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы Бағдарламалар офисінің басшысы Наталия Заруднамен кездесті. Бұл кездесу ЕҚЫҰ өкілінің еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстан аталған Ұйыммен бірлескен 62 жобаны сәтті жүзеге асырғанына баса назар аудара келіп, ЕҚЫҰ өкілі Н.Заруднаның табысты қызметіне тоқталды.
«Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Астана қаласындағы Бағдарламалар офисімен өте ынтымақтаса жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл бағыттағы шараларды жүзеге асыру ісі, әсіресе, Офис басшысы Наталия Заруднаның белсенді әрекетімен қарқын ала түскендей. Мәселен, 2015 жылдың өзінде біздің еліміз осы Ұйыммен бірлесе түрлі салалар бойынша 62 жобаны жүзеге асырды. Бұлардың ішінде экономикаға, көші-қонға, адам құқының қорғалуын қамтамасыз етуге, өңіраралық мәселелерді тиімді шешуге қатысты семинар-кеңестер ұйымдастыру жобалары болды. Әсіресе, ауыл әйелдеріне байланысты атқарылған шаруалардың нәтижесіне көңіл толады. Бұларға қоса, экология мен «Жасыл экономикаға» өту жолдарын халыққа таныстырып, түсіндіру жұмыстарының жоспары да сәтімен орындалды. Сондықтан да, Наталия Зарудна ханымға елімізде табысты еңбек еткені үшін еліміз жұртшылығының атынан зор алғысымды жеткізгім келеді», – деді Г.Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы екіжақты кездесу сәтінде Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығының тарихы зор екенін, ЕҚЫҰ-ның Астана қаласында өткен Астана саммитін және Астана Декларациясының қабылдануын атап көсетті. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан өзінің төрағалығы барысында Ұйым шеңберінде тепе-теңдік негізінде әрекеттестікті дамытуға дайын, белсенді әрі сенімді серіктес ретінде мәртебесін бекіткен.
Сонымен қатар, кездесуде соңғы жылдары ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы Бағдарламалар офисінің ұйымдастыруымен Ұйым Хатшылығының және ЕҚЫҰ құрылымдық бөлімшелері басшылығының Қазақстанға бірнеше сапары ұйымдастырылып, сондай-ақ, елімізде және шетелдерде түрлі тұрпаттағы әскери-саяси, экономика-экология және адами өлшемдер салаларына қатысты бірқатар іс-шаралар өткізілгені атап көрсетілді.
Шара аясында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ бағытындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына және болашақ перспективаларына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Өз кезегінде Наталия Зарудна соңғы 4 жылда ЕҚЫҰ өкілі ретінде Қазақстанда жұмыс істегенін зор мәртебе көретінін айта келіп, Астана Декларациясының рөлін жоғары бағалады. Сонымен бірге, Н.Зарудна еліміздің әлеуеті мен мол мүмкіндіктерін сөз етті.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше