АСТАНА. 12 қаңтар. Гватемалада түрмедегілер бүлік шығарып, бірнеше адамды кепілге алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, аптаның бірінші күні бірден екі түрмедегі тұтқындар бас көтерген. Ұлттық полиция директоры Нери Рамостың деректеріне қарағанда, «Фрайханес-1» түрмесінде бүлікшілер 20 адамды тұтқынға алған. Кепілдікке алынғандардың біреуі мекеме директоры болса, қалған 19-ы күзетші. Қазір жазасын өтеушілер мен билік арасында келіссөздер жүргізілуде. Соның нәтижесінде азаматтық тұлғадағы үш тұтқын босатылды. Түрме толығымен полицияның арнайы құрылымдарымен қоршауға алынып, әскерилер шығатын есіктің алдына жеңіл танкі әкелді.
Дәл осындай баскөтеру «Чимальтенанго» түрмесінде де басталды. Prensa Libre порталының хабарлауынша, түрмедегі сотталғандардың лаңынан кем дегенде бір адам қаза болып, тағы бірнешеуі жараланған. Полиция қызметкерлері бүлік басталған кезде түрмеге келген бір топ әйелді қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 12 Қаңтар, 2016
Гватемалада түрмедегілер күзетшілерді кепілге алды

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше