АСТАНА. 12 қаңтар. Индонезияның Бандунг қаласында жаңа жыл қарсаңына таман теракт ұйымдастырды деген күдікпен полиция қызметкерлері үш адамды тұтқынға алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Ұсталған күдіктілер Жакартаның солтүстігінде антитеррористік жұмыстары кезінде және де Бандунг қаласында назарымызға ілікті. Құқық қорғау органының қызметкерлері олардың террорлық топтарға қатысы бар екенін анықтады», – дейді ұлттық полиция қызметінің басшысы Бадродин Хаити.
Айта кетейік, 31 желтоқсан күні Бандунг қаласының орталық алаңында жарылыс болды. Белгісіз біреулер қала әкімінің резиденциясына таяу маңда автотұрақта тұрған көліктің астына күші аз бомба қойып кеткен. Алайда, зардап шеккендер болған жоқ.
Индонезияның арнайы қызметкерлері мен полиция өкілдері Жаңа жыл мен Рождество мерекелері қарсаңында теракт болуы мүмкін деген суыт хабар алған соң, қала ішінде тәртіп жұмыстарын күшейтті. Арнайы жұмылдырылған іс барысында, содырлық әрекетке баруға ниеттенген 11 адам қолға түсті. Олардың арасында екеуі қалың топтың ішінде өзін жарып жібермек болған.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: ntv.ru.
• 12 Қаңтар, 2016
Индонезияда теракт ұйымдастырған күдіктілер ұсталды

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше