АСТАНА. 12 қаңтар. Қарулы Күштерді жауынгерлік даярлығының жоғары дәрежесіне келтіру жақсы дәрежеде әскердің шынайы жауынгерлік әзірлігін көрсетеді. 2016 оқу жылында жасалған алғашқы оқу дабылы әскерлердің жауынгерлік даярлығын көрсетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Біз жеке құрамды хабардар ету, жинау, белгіленген аудандарда құрамалар мен бөлімдердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауынан бастап сұрақтарды пысықтадық. Аталған сабақтарға 40 мыңнан аса адам тартылды, 1 500-ден астам бірлік қару-жарақ пен әскери техника шығарылды. Жеке құрам жаңа оқу кезеңіне деген даярлығы мен әзірлігін паш етті. 2016 жылы басқару органдарымен, «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының құрамалары және бөлімдерімен, Аэроұтқыр әскерлерімен «Айбалта-2016» ірі ауқымды оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отырмыз. Жоспарымызда көптеген оқу-жаттығулар мен практикалық сабақтар бар», деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ Бас штабының бастығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов.
Сонымен бірге жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар әуеге көтерілді, әртүрлі типтегі авиациялық техника қозғалтқыштарының іске қосылуы жүзеге асырылды, қосалқы әуеайлақтар пайдалануға дайындалды.
«ҚР ҚК-нің түрі ретінде Әуе қорғанысы күштері тактикалық-арнайы сабақтарға қатысты. Барлық әскери бөлімдер мен бөлімшелер тартылды. Жаттықтыру үдерісінде хабардар етуді, ӘШҚҚ жауынгерлік есептоптар авиациясы экипаждарының үйлесуін пысықтадық», деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – бас басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Игорь Свиридов.
Корабльге қарсы, әуеге қарсы және суастыға қарсы-диверсиялық қорғаныс бойынща оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теңізге Әскери-теңіз күштерінің корабльдері шығарылды. «Жеке құрам Бас штабтың қойған тапсырмаларын орындады. Байланыс жүйелері, басқару пункттері ақаусыз. Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру қорытындысына дән ризамыз», деп түсіндірді ҚР ҚК ӘТК Бас штабының бастығы 1-дәрежелі капитан Қайыргелді Есенеев.
2016 жылға қатысты ол жауынгерлік кезекшілікті атқаруға, корабльдерді, күштер мен құралдарды дайындауға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Сондай-ақ, биылғы жылы Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде маңызды оқиға болмақ. Яғни, корабльдер арсеналы жаңа жауынгерлік бірлікпен толығады деп күтілуде.
Биылғы жылы ҚР ҚК-де әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығына аса мән беріледі. Бұл ретте жаяу әскерлеріміз, әскреи теңізшілеріміз бен әскери ұшқыштарымыз Армиялық халықаралық ойындарға қатысатынын айта кеткен жөн. Әскерлерде осынау ірі халықаралық деңгейдегі сайысқа дайындық басталып та кетті.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.