12 Қаңтар, 2016

Ақтөбе облысында қысқы демалыс орталығы ашылды

721 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-01-2016-kysky oiyn 01АҚТӨБЕ. 12 қаңтар. Ақтөбе қаласына қарасты Ақжар ауылында «Ақбөбек-Восток» қысқы демалыс орталығы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Орталықта газбен жылытылатын ұядай бөлмелері, уақтылы ыстық тамағын әзірлеп отыратын кафетерийі, ыстық чебурек дайындайтын кафесі бар. Келушілердің өздері кәуәп дайындаймын десе, оған да керек-жарақ табылады. Қысқы демалыстың сәнін келтіретін шаңғы, коньки тебу, таза ауада хоккей, футбол, баскетбол ойнау, тюбингтермен (баллон тәрізді заманауи шаналар) сырғанауға қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Коньки тебуге арналған мұз айдыны да бар. Сонымен қатар, орталықта 3-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған сырғанақ бір бөлек. 10 жастан әрі қарайғы келушілерге арналған сырғанақ тағы бар. Оларды 230 метр биіктікке Ақжар тауының басына шығаратын арнайы жоғары көтергіш жұмыс жасап тұр. «Ақбөбек-Восток» қысқы орталықтың директоры Айболат Ташпентаевтың айтуынша, демалыс орны өткен жылдың 26 желтоқсанында ашылған. Мұнда келушілердің қауіпсіздігі үшін тәулік бойы күзет қызметі қарастырылған. Қарапайым халыққа қолжетімді демалыс орнында отбасыларына, ұжымдарға балаларымен дем алуға, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік мол. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.